«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аллергия алқымнан алғанда

0 40

Жаз шыға бере көк шөп гүлдегенде, көптеген адам­дар­дың тынысы тарылып, мұрны бітеліп, әлсін-әлсін түшкіріп, көзі жасаурап, беймаза хал кешеді. Кей­бір жағдайларда адамның терісі де қызара бөртіп, қы­шына бастайды. Өсімдіктің тозаңынан болатын бұл маусымдық ауруды аллергия деп атайды. Мұндайда маман-аллергологтардың кеңесіне жүгініп, ауруды көп жеңілдетуге болады.

Дегенмен мына жайттар есіңізде болсын. Ең бас­тысы, өсімдік тозаңдары ауа арқылы тарайтыны себепті, әсіресе желді күндері, терезені жа­уып қойыңыз. Газондарды тегістеп орып жатқан жерлерді айналып өтіңіз. Жаздыгүндері ормандар мен тоғайға бармаңыз. Демалғыңыз келсе, су­лы, өсімдігі аз теңіз жа­ға­лауын таңдаңыз. Өсім­діктердің гүлінен тозаң бөлінетін уақыт таңғы 5-7 және кешкісін – 17-19 аралығында. Осы кездерде асығыс шаруаңыз болмаса, көшеге шықпай, үйде болуға тырысыңыз. Бөлмеңіздің шаңын ылғалды шүберекпен сүртіп, жиі тазалап оты­рыңыз. Ал көшеден келгенде сырт киіміңізді ауыс­тыруды ұмытпаңыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды