«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ӘЛИХАННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН ӘН-КҮЙМЕН ӘСПЕТТЕЙДІ

0 97

19 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Конгресс-холда сағат 19.00-де өтетін Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған әдеби-сазды кешке шақырады.

1910

ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушысы әрі көсемі Ә.Бөкейхан мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде бүкіл әлемде тойланады. Биылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойы тұлғаның мерейтойының маңызын одан әрі артып тұр.

Концерт барысында Әлихан Бөкейханның тұлғалық қырлары жан жақты қамытылып, ашылады. Сондай-ақ, Ә. Бөкейхан замандастарының – Міржақып Дулатовтың, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсынұлының, Мағжан Жұмабаевтың және «Алаш» партиясының өзге де  мүшелерінің деректі жазбаларын оқиды.

Концертке қатысатындар:

Қазақ оркестрі
(бас дирижері және көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов).
«Шалқыма» халықтық би ансамблі
(көркемдік жетекшісі Әбдірасул Есекеев).

Халық әні бөлімінің жеке орындаушылары: республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттарыЖалғас Сұлтан, Данияр Мұқан,  Күнсұлу Тұрлыбекова, Тельман Нұртай, Анар Мұздаханова, Әйгерім Нартуеева.

 Билет бағасы 1000 тг.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды