«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әлеуметтік жобалар іске қосылады

0 74

Кеше Ақордада Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Кеңесте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың нәтижелері талқыланды.

Ұлттық комиссияның төрағасы отырысты аша отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Президенттің биылғы Жолдауында айтылған негізгі ба­ғыттарды іске асыру аясында ерекше маңызға ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол аталмыш бағдарламаның орындалуын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтырудың қажеттігіне тоқ­талды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяу уақытта жаңадан «Ауыл – ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жобалары іске қосылады, олар ауылдық жерлердің дамуына қосымша серпін бермек, – деді Ә.Исекешев.
Комиссия отырысында Президент Әкімшілігінің өкілдері, бірқатар министрлер мен әкімдер сөз сөйледі. Талқылаулар қоры­тын­дысы бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Үкіметке 2018-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай жоспар әзірлеуді, Ауыл шаруа­шылығы министрлігіне «Ауыл – ел бесігі» әлеуметтік жобасын іске қосуды тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды