-->

Әлеуметтік төлемдер: халық қанша ақша алады?

Қаңтар айынан бастап бюджет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдер 9 пайызға өсті. Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу  орталығы жаңа жылдың басынан бастап азаматтарға жаңа мөлшерлеме тағайындады. Біздің мақсатымыз – біреудің қалтасын санау емес, керісінше, зейнетақы мен жәрдемақының жаңаша төлеммен жүргізу тәртібін түсіндіру.

infografika3

Бір бала туса, бір түп жусан артық шығады

Әлеуметтік жәрдемақы, әсі­ресе, әйелдерге көп төленеді. Бір бала туса да, бірнеше бала туса да белгіленген тәртіппен тағайындалады. Биыл бірінші, екінші және үшінші бала туғанда 71 270 теңге жөргекпұл беріледі. Төртінші және одан көп туғанға 118 783 теңге тағайындалған. Сала мамандарының айтуынша, егіз немесе үшем дүниеге келген жағдайда, бір реттік жәрдемақы әр балаға жеке төленеді. Әрине, оның мөлшері туу кезектігіне байланысты жүзеге асырылады.
Аналар үшін бала 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақының көмегі көп. Ол екі жолмен тағайындалады. Жұмыс істей жүріп, декреттік демалысқа шыққан әйелдер ай сайын ай­лығының 40 пайызын алып отырады. Оны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейді. Мөлшеріне келсек, бала туу алдындағы соңғы 24 айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген, орташа айлық кі­рісінің 40 пайызын құрайды.
Ал жұмыссыз әйелдерге жәрдемақы республикалық бюджет есебінен төленеді.

Мүгедектікке тағайындалған төлем

Алдымен, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге қатысты айтайық. Олардың ата-анала­рына, қамқоршылары мен тәр­бие­леушісіне ай сайын 25 682 теңгеден төленеді. Ол отбасы­ның кірісіне қарамастан тағайын­далады. Жалпы, елімізде мүгедектігі бойынша мемле­кеттік әлеуметтік жәрдем­ақы­лар үш санатқа бөлінеді.
Кәсiби аурулардан мүгедек болғандар, бала кезінен мүге­дектер бірінші санатқа жатады. Олардың бірінші топ мүгедектеріне – 43 538 теңге, екінші топ мүгедектеріне – 33 999 теңге, үшінші топ мү­гедектеріне – 23 970 теңге, 16 жасқа дейінгі мүгедек бала­ларға – 32 042 теңге, бала кезінен 1-топ мүгедектеріне – 43 538 теңге, бала кезінен 2-топ мүгедектеріне – 35 466 теңге, бала кезінен 3-топ мүге­дектеріне 27 884 теңге таға­йындалған.
Мүгедектiкке әскери қызметті өтеу кезiнде алған жарақат­тың салдарынан душар болған әскери қызметшiлер мен ава­рия­лық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдар бар.

Олардың бірінші топ мүгедек­теріне – 51 609 теңге, екінші топ мүгедектеріне – 41 581 теңге, ал үшінші топ мүгедек­теріне 32 042 теңге беріледі.
Сонымен қатар, орган қыз­меткерлері арасынан шыққан бірінші топ мүгедектеріне – 67 018 теңге, екінші топ мүге­дек­теріне – 47 696 теңге, үшін­ші топ мүгедектеріне 32 042 теңгеден төленеді.

Еңбекке жарамсыздық ескеріледі

Елімізде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша да жәрдемақы тағайындалған. Яғни, еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде – 21 035 теңге, екеу болған кезде – 36 444 теңге, үшеу болған кезде – 45 250 теңге, төртеу болған кезде – 47 940 теңге, бесеу болған кезде 49 652 теңгеден отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүше­леріне беріледі. Егер отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде, әр мүшесіне арналған жәрдемақының мөл­шері есеп­теледі. Ол 51 609 тең­геден бас­талады. Ата-анасының екеуі де қайтыс болған кезде жетім балалардың әрқайсысына – 28 862 теңге, отбасының ең­бекке жарамсыз өзге мүше­леріне – 13 208 теңге, бірақ от­ба­сының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерлеме, яғни 62 616 теңге тағайындалады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар

Елімізде арнаулы мемле­кет­­тік жәрдемақылар да таға­йын­далған. Ол бойынша ҰОС қатысушысына – 36 304 теңге, ҰОС мүгедектеріне – 36 304 теңге, мәртебесі ҰОС қатысу­шыларына теңес­ті­ріл­гендерге – 14 046 теңге, мүге­дектеріне теңестірілген тұлғаларға – 17 131 теңге, ҰОС кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен жауынгерлердiң ата-аналары мен екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi 10 166 теңге алады. Сол сияқты Ауған соғы­сының ардагерлеріне, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тап­қандарға, Чернобыль апатына қатысушыларға – 10 415 теңге, Кеңес одағының батырлары, үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордені иегерлері мен «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» мәртебесіне ие бол­ған­дарға 314 552 теңге төленеді.infografika2

infografika

маман пікірі

Зейнетақы мен жәрдемақы 20 пайызға өседі

Гаухар МҰХАНБЕТЖАНОВА,
«Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік емес АҚ Астана қаласы бойынша фи­лиа­лы – «Әлеуметтік төлем­дерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары:

– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық салтанатты жиы­­нында Президент Үкі­метке 2016 жылмен салыс­тыр­­­ған­да зейнетақы мөл­шерін 20 па­йызға өсіру­ді тап­сырды. Бұл 2,2 миллион адамды қамтиды. Сонымен қатар, 2017 жылдың шілде айынан бастап баланың дүниеге келуіне орай берілетін бір реттік жәр­демақы мөлшерін де кө­теруді ұсынды. Осыған байланысты Елбасы тапсырмасын орындауда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Респуб­ликасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бала тууына байланыс­ты жәрдемақы мөлшерін 20 пайызға көтеру көзделуде.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*