ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ҚАЛАЙ ЕСЕПТЕЛЕДІ?

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттен әлеуметтiк төлем төленеді. Екi және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады. Балаға төленетін ақша туу туралы куәлiгiнде көрсетiлген туған күнiнен бастап ол бiр жасқа толған күндi қоса алғандағы мерзімге дейiн беріледі.

1_thb_1600x600x2

Ол қалай есептеледі? Ай са­йын­ғы әлеуметтiк төлем табыс­тың орташа айлық мөлшерiн табыс­ты ауыстыру коэффи­циентiне көбейту арқылы айқында­лады. Яғни, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы белгіленеді. Табысты ауыстыру коэффициенті 0,4 болады.
Бұл ретте, бала бір жасқа тол­ғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген. Яғни, ең төмен жалақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Егер алушы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе олар шектелген, бас бос­тандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген жағ­дайларда, бала бір жасқа тол­ғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланы мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленген жағдайларды қоспағанда, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға береді. Оған жеке басты куәландыратын құжат; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының қайтыс болуы туралы куәліктің, соттың хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы, ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы шешімінің, соттың бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуі туралы үкімінің көшірмелері; соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің үзінді көшірмесі және қорғаншы етіп тағайындау туралы анықтама талап етіледі.

Гаухар Мұханбетжанова,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік емес АҚ Астана қаласы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары

Сонымен қатар

Асылбек ІЗБАЙЫРОВ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Геосаяси зерттеу институтының директоры: ҚАЗАҚ ЕШҚАШАН ҚАРА ЖАМЫЛМАҒАН

Қазіргі қоғамда діни сенімге қатысты туындайтын мәселелер аз емес. Неке, талақ, діни атрибуттар… Бұл мәселелерді …

3 comments

  1. 40 пайыз жардем акы калай аламыз ? Неге ол акшаны жасырып калып отыр ай сайынгы алатын 15 мыннан болек 40 пайыз жардем акы туралы айтсаныз. Калай толейди? Оте кажет

    • Сәлеметсіз бе, Гаухар! Сіз қателесіп отырсыз. 40 пайыз тек жұмыс істейтін әйелдерге ғана беріледі. Ал жұмыс істемейтін әйелдерге міндетті түрде төленетін арнаулы төлем тағайындалады. Екеуі ешқашан қатар берілмейді.

      • Сәлеметсіздер ме, мен 6айлық баламмен және 3 жасар мүгедек баламмен үйде отырған анамын. Маған әлеуметтік төлем жүргізіле ме??

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған