«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әлем таныған ел

0 94

ҚР Ұлттық мұрағатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тап­сырмаларды орындау мақсатында «Рухани жаңғыру – рухани мәдениетіміздің дамуының негізі» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

– Елбасы өз мақаласында рухани жаңғыру бүгін басталмағанын, бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқарылғанын атап өтті. Бұған дәлел – ел Пре­зидентінің бастамасымен іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама халықтың рухани мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениетті, фольклорды, салт-дәстүрді, ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттың әдеби мұраларын жинақтауды көздеді. Аталмыш бағдарламаны стратегиялық ұлттық жоба деп атауға болады. Ал «Тарих толқынында» бағдарламасы еліміздің тарихына қатысты маңызды құжаттарды анықтау ісінде үлкен рөл атқарды. Ендігі мақсатымыз – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осыны жалғастыру, – деді ҚР Ұлттық мұрағатының директоры Жангелді Махашов.
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев желтоқсан айындағы ерекше оқиғаларға тоқталып, осы айда Тұңғыш Президент сайланғанын, Қазақстан тәуелсіздік алғанын, 100 жыл бұрын «Алаш» партия­сы мен үкіметі құрылғанын, астананың Алатаудан Арқаға көшкенін атап өтті.
«1991 жылы тәуелсіз ел атандық. 26 жыл ішінде Қа­зақстан ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­­шылығымен қарышты
қадамдармен алға басып, әлем танитын дәрежеге жетті. Осы жылдары қазақтың аты аспандады, абыройы биіктеді. Биыл өткен «ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмесінің өзі бұған көз жеткізе түседі. Ал 1997 жылы Парламент, Үкімет, Президент аппараты Алматыдан Ақмолаға көшіп, осында орналасты. Сол уақытта қазір өзіміз отыр­ған сол жағалауда ештеңе жоқ еді. Жиырма жылда осы жерге үлкен қала орнады» деді Өмірзақ Озғанбаев.

Аманғали Қалжанов

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды