«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әлем чемпионатына аттанады

0 86

Бокстан әлем чемпионаты 9-21 қыркүйек аралығында Екатеринбург қаласында өтеді. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын боксшылармен Нұр-Сұлтан қаласында соңғы жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

Бұл жолғы чемпионат жаңа олимпиадалық ережеге сай 8 салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Қазақстан атынан мына боксшылар қатысады: 52 келі – Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы), 57 келі – Қайрат Ералиев (Түркістан облысы), 63 келі – Закир Сафиулин (Түркістан облысы), 69 келі – Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы), 75 келі – Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы, 81 келі – Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы), 91 келі – Василий Левит (Нұр-Сұлтан қаласы), + 91 келі – Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды