«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алда – Азия чемпионаты

0 28

Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы, Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты және Азия біріншілігінің жүлдегері Марина Вольнованың жүлдесі үшін өткізілген халықаралық турнирде Ресей, Украина, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстанның бұрымды боксшылары қолғап түйістірді.

Дәстүрлі жарыс алдағы сәуір айында Бангкокта өтетін Азия чемпионаты қарсаңында өткендіктен, құрлықтағы мықтылардың бәрін дер­лік Астананың шаршы алаңынан көрдік. Осы орайда Қазақстан құрамасы қыз­дарының қарқынын аң­­ғардық. Он салмақ дәреже­сінде өткен турнирдің сегізінде В.Присяжнюк шәкірттері жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Атап айтқанда, 48 келіде – Алуа Балқыбекова, 51 келіде – Назым Қызайбай, 57 келіде – Сания Сұлтанқызы, 60 келіде – Римма Волосенко, 69 келіде – Баян
Ақбаева, 75 келіде – Надежда Рябец, 81 келіде – Фариза Шолтай, +81 келіде Ләззат Күнгей­баева чемпион атанды. Тек екі салмақта ғана украин қыз­дары Ивана Крупеня (54 келі) мен Марина Бова (64 келі) топ жарды.
– Жыл сайын деңгейі көтеріліп келе жатқан жарыста тәжірибелі боксшылармен қатар, жас спортшылар да бақтарын сынауға мүмкіндік алып отыр. Мен үшін бұл турнир биыл өтетін Азия біріншілігі мен әлем чемпионаты қарсаңындағы маңызды жарыс болды. Жеңіске жеттім, ендігі мақсатым – Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алу, – дейді екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды