-->

«Алау» мұзайдын сарайында жаңажылдық марафон өтті

8 қаңтарда «Алау» мұзайдын сарайында жыл басында бастау алған жаңажылдық марафон аяқталды.

c-2

Шара аясында келушілер Аяз ата, Ақшақар және Супермен сынды кейіпкерлердің қатысуымен әзірленген «Мұздағы ертегі» бағдарламасын тамашалады. Бұған қоса,  тұрғындар ертегілік бағдарламаларға қатысып, аквагрим жасап, сыйлықтар алды, уақытты көңілді өткізді. Қаңтардың 2-сі мен 8-сі аралығында марафонға 17 725 адам (билет бойынша) және 7 жасқа дейінгі 1905 бүлдіршін, І және ІІ топтағы мүгедектер мен көпбалалы отбасының балалары және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Мұздағы ертегі күн сайын 5 рет ұйымдастырылған болатын.

Мультфильмдердің танымал кейіпкерлері балаларға ертегі сыйлап қана қоймай, құнды тартулар да жасады.

Ересектер де мерекеге белсенді қатысты. Естелікке суретке түсіп, балаларын коньки тебуге үйретті. Өйткені олар бұл спорт түрінің денсаулық үшін пайдалы екенін жақсы түсінеді.

http://astana.gov.kz.

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*