«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әкімнің өзі келді

0 36

Жақында әлеуметтік желіде қала тұрғыны Тұрар Сәттарқызы өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласын көгалдандыру, қоршау және балаларға арнап аула клубы ашылса деген мәселе көтерген болатын.

Осы өтініш бойынша Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егембердінің өзі хабарласып, Тұрар апай тұратын үйдің ауласына келіп, барлық жағдайды көзімен көрді.
– Шынымды айтсам, «өтінішім жауапсыз қалады» деген бір пендешілік ойым болғаны рас. Бірақ аудан әкімінің өзі менімен кездесіп, айтқан мәселелерді мұқият тыңдап, дәл сол жерде телефонмен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Көп жылдар бойы тұрғындар «осы маңда аула клубы жоқ» деп біраз жерлерге айтып та, барып та жүр едік. Енді ол мәселеміз шешілмек. Біздің ауланың шүпірлеген ұл-қыздарының өз аула клубы ашылатын болды. Үй маңындағы көгалдандыру, қоршау жұмыстары да қолға алынады. Әсіресе, аудан басшысының қарапайымдылығы, халыққа жақындығы, тұрғындардың мұң-мұқтажына назар аударғаны қуантты, – деді Тұрар Сәттарқызы жүзіне күлкі үйіріліп.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды