«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әкім тұрғындармен кездесті

0 26

Елорда басшысы Әсет Исекешев «Жағалау» ауданын аралап, жаңадан салынған ақауы бар үйлердің тұрғындарымен кездесті. Белгілі болғанындай, кейбір жаңа тұрғын үйлерде желдеткіш жүйесі жұмыс істемейді, жылу мен электр жарығы жиі өшіп қалады екен.

Кездесудің нәтижесінде өткен мәжілісте Әсет Исекешев қала басшысының бірінші орынбасары Сергей Хорошунға Е-16 көшесіндегі, Ш.Айтматов көшесіндегі №31 үйдің жанындағы, Е-15 көшесіндегі жаяу жүргіншілердің жүрісін реттейтін бағдаршам орнатуды тапсырды. Бұған қоса, аудан тұрғындары канализациялық желілердің бітеліп қалатынына шағымданды. Әкімнің тапсырмасы бойынша, Ш.Айтматов көшесіндегі канализациялық насос станциялары «Астана су арнасы» МҚК-ның коммуналдық меншігіне берілетін болды. Қысқа мерзімде Ш.Айтматов көшесінің Орынбор көшесінен Е-16 көшесіне дейінгі бө­лігіндегі, сондай-ақ, Е-16 көшесі бо­йынша көшедегі жарықтарды орнату және тротуарлар салу жұмыс­тарын жеделдетіп аяқтау тапсырылды.
Әсет Исекешев Сергей Хорошунға әрбір пәтердегі жылуды тексеріп, аталған проблеманы шешу үшін арнайы комиссия құруға тапсырма берді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды