«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әкім қатаң талап қойды

0 27

Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов шаһардағы Сарайшық, Достық және Пригородный тұрғын үй алаптарын аралап, су басу, көгалдандыру және көлік жолдарының жағдайымен танысты.

Танысу барысында Сарайшық шағын ауданы, Қордай, Қошқарбаев және Жұмабаев көшелеріне жол салу мәселелері сөз болды. Елорда әкімі бұл мәселені инвесторлармен шешуді, жолдардың құрылысын тезірек аяқтауды және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов «Достық» шағын ауданын аралады. Бұл шағын ауданның проблемасы жетерлік: көшелерді су басқан, канализация мен кәріз жүйесі орталық канализацияға қосылмаған. Осы аумақта бұған дейін канализация жүйесіне қосу жұмысы жүргізілмеген. «Бұл жерде кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Тұрғындар орталық канализацияға қосылуды күтіп отыр. Ал әзірге біз суды тәулік бойы сорып алып отырмыз» деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев. Осы жағдайды көрген қала басшысы жауапты мамандарға жұмысты тезірек аяқтауды жүктеп, қатаң талап қойды.
Сондай-ақ қала басшысы Пригородный тұрғын үй алабындағы спорт кешенінің құрылысымен танысып және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының жерасты өткелінің жай-күйін барып көрді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды