«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әкім ардагерлерді құттықтады

0 26

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Ұлы отан соғысының ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Олег Линник пен Раиса Сафоничеваны қарттар күнімен құттықтаған қала әкімі оларға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. «Қариясы бар елдің қазынасы бар». Сіздердің еңбектеріңізді, ерліктеріңізді жоғары бағалаймыз, Ұлы Отан соғысы кезінде елімізді қорғадыңыздар. Сіздерге алғысымыз шексіз. Ғұмыр жастарыңыз ұзақ болып, дендеріңіз сау болсын. Келесі жылы Ұлы Жеңістің мерейтойын тойлаймыз. Мұның бәрі – сіздердің еңбектеріңіз» деді ардагерлерді құттықтап келген А.Көлгінов.
Қазіргі таңда О.Линник пен ­Р.Сафоничеваға «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетуде. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мерекеге орай орталыққа кір жуу машиналарын сыйға тартты.
Сондай-ақ Алтай Көлгінов Социалистік Еңбек Ері Сағила Есенжолованы мерекемен құттықтады.
Қала басшысы еңбегімен елінің құрметіне бөленген қадірлі апаймен емен-жарқын әңгімелесті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды