«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Академик мұрасы

Жақсыдан қалған жәдігер

0 73

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың «Кітап» мұражайында көрнекті әдебиеттанушы ғалым, академик Зәки Ахметовтің жазу үстелінен бастап ғалымның қолжазбалары, кітапханасы, қолданған заттары сақталып тұр. Бұл жәдігерлердің алдын кітап ордасына академиктің жары Зия Насырқызы осыдан 4 жыл бұрын тапсырды. Биыл З.Ахметовтің туғанына 90 жыл толды. Осыған орай жақсыдан қалған жәдігерлер саны толықтырылды.

«Кітап» мұражайының мең­герушісі Мөлдір Баймахан­бетованың айтуынша, бас­тапқыда кітапханаға ғалымның қолжаз­балары сақталған 43 папка әкелінді. Жақында 67 папка тағы жеткізілді. Академик кітапханасының қоры да 850 кітапқа жетті. Бұлардың арасында Мұхтар Әуезов, Жирмунский, Малов, Мануилов, Нина Смирнова сынды ұстаздарының қолтаңбаларымен берілген кітаптар бар.
Зәки Ахметов 14 жасында мектеп бітіріп, ҚазМУ-ді 19 жасында аяқтаған. 1947-1950 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. 27 жасында «Лермонтов және Абай» тақырыбында кандидаттық диссертация қор­ғады. 40 жасқа жетпей «Қазақтың өлең құрылысы» атты диссертацияны қорғап, филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді.
«Ғалымның көп еңбектері қолжазба күйінде қалды. Газет беттерінде шыққан біраз мақаласы да кітаптарына енбей қалды. Қазір шәкірттері еңбектерін жинақтап, 10 том­дығын шығаруға ниеттеніп отыр, – дейді М.Байма­ханбетова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды