«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Айтқалидың шеберлік сабағы

0 97

Қазақтың күй өнері төкпе және шертпе сынды екі үлкен бағытқа бөлінетіні белгілі. Бұл өнер түрі аймақтық ерекшеліктеріне қарай бірнеше мектепке тармақталатыны да аян. Осының ішінде күйшілердің орындаушылық мәнеріне мән бере бермейді екенбіз.


Мәселен, Құрманғазы мен Динаны алайық. Дина күй атасының шәкірті болып саналғанымен, күйді бөлекше тартатын. Тәттімбеттің күйлерін Әбікен Хасенов жеткізсе, Әбікеннің де өзіндік мәнері болды. Арғы замандарды айтпағанда, бертінде Уәли Бекенов, Қали Жантілеуов, тағы басқа осы қатарға кіретін асқан күйшілер өздерінің орындаушылық дәстүрлерін қалыптастырды. Қазір арамызда сол дәстүрді ұстап қалған күйшілер бар. Алайда сондай адамдар аз.
Жуырда осындай әңгімені №3 музыкалық мектепте шеберлік сабағын өткізген күйші, композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов­тың аузынан естідік. Іс-шараны «Қазақ күйшілері» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
Майталман музыканттың пікірінше, күйшінің орындау­шылық мәнерін оның стилі деп атасақ, қазіргі домбырашыларда сол стильді сақтау жоғалып барады. Бүгінгі орындаушылар «Адайды» немесе басқа белгілі бір күйлерді тартқанда артық иірімдерді көп қосады. Байсалды, бірқалыпты тарту жоқ, тым жылдамдатып жібереді. Ақыры күй не анда, не мында емес бастапқы қалпынан ажыраған болып шығады.
Шеберлік сабағында ол күй орындауға байланысты біраз пайдалы кеңестерді беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды