«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Айналма автожол ашылды

0 12

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ұзындығы 87 шақырым болатын Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма автожолды ашу рәсіміне қатысты.«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елорданың дамуына ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту аясында біз өте маңызды оқиғаға куә болып отырмыз – елорда маңындағы ұзындығы 87 шақырым болатын айналма жол бойымен толық қозғалыс ашылуда» деді А.Мамин.
Елорданың айналма автожолының ашылуы қаланың көлік жүйесінің тиімділігін арттыруға, автокөліктердің жылдамдық тәртібін ұлғайтуға және жүргізушілердің уақытын үнемдеуге, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды