«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Айналасын тазаламаған айыппұл төлейді

0 59

ІІД Жергілікті полиция қызметінің Табиғатты қорғау полициясы елорда аумағында тексеріс шарасын жүргізуде. Қаламыздың келбетіне кір келтіріп, аумағын қар мен мұздан тазартпағандарға 17 404 410 теңге айыппұл салынды.

140

Табиғатты қорғау бөлі­мі­нің инспекторлары аудан әкімдіктерімен бірлесіп, құ­рылыс объектілерінің бірін­ші қабатына, ПИК, ӨК, жеке секторлардың іргелес аумақ­тарының тазалығын тексеру мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Мұндай қадамға бару­дың өзіндік себебі бар. Себебі көпшілік жиі баратын қоғамдық орындардың маңайы қалың қардан көз ашпайды. Жеке бизнесін жүргізіп отырған кейбір кәсіпкерлер өз ісіне салғырт қарап, айналасын тазартуға асығар емес. Дер кезінде жүргізілмеген тазалық жұмыстарының соңы жауап­кершілікке әкеледі.
Мәселен, Жеңіс даңғылында орналасқан дәмхананың іргелес аумағындағы мұз дер кезінде тазартылмағаны үшін жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оған қолданыстағы заң шең­берінде 30 АЕК, яғни 63 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Бауыржан Момышұлы, 21 мекенжайын­да орналасқан «Тұран» мей­рамханасының іргелес аумағындағы үйілген қар үшін жеке кәсіпкер 63 630 теңге айыппұл төлеуге мәжбүр.
Жуырда ғана елорда әкімінің «Қоғамдық бақылау » сайтына қала тұрғыны хабарласып, Сарыарқа ауданында өзі тұратын көшеге қызмет көрсететін «ПИК» жұмысын сынға алған еді. Табиғатты қорғау поли­циясы жүргізген тексеріс шара­ларының нәти­жесінде олқы­лықтың орны толды. Анықталған жайттардың негізінде «ПИК» мекемесіне 84 840 теңге айыппұл салынды.
Жалпы, рейд кезінде меке­мелердің іргелес аумақтарында қар мен мұздардың уақытылы тазартылмағаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша жауап­кершілікке тартылған 380 заңды тұлға тіркеліп, 17 404 410 теңгеге айыппұл салынды. Іргелес аумақтарда қар мен мұзды тазартуға 1800-ден астам кепілдеме тіркелді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды