«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

АЙНАЛАНЫ АЯЛАУ – АДАМИ ПАРЫЗ

0 89

Астана айнадай тазалығымен де өзгеге үлгі болуы қажет. Айналаның көз тартарлық көркем болуы адамдарға да байланысты. Сондықтан әр астаналық айналасына аялай қарап, абаттандыру ережелерін сақтауы тиіс.

????????????????????????????????????

Елордалық Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзу жағдайларын анықтау және оны болдырмауға бағытталған профи­лак­тикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Олар күн сайын бас қаланың тазалығына барлау жасап, оған зиян келтіргендерді әкімшілік жауапкершілікке тартуда.
Алматы, Сарыарқа және Есіл аудан­дық табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қаладағы нысандардың аумақтарын санитарлық тазалау мен уақытылы жинауды тұрақты бақылауға алған. Өткен кезеңнің ішінде 723 тексеру жүргізіліп, соның нәтижесінде маңайының тазалығына немқұрайлы қараған 372 шағын және орта бизнес обьектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 94 пәтер иелері кооперативі жалпы сомасы 3 563 280 теңге, 20 мердігерлік ұйым 890 820 теңге, 47 құрылыс нысаны 2 523 990 теңге және 211 кәсіпкер жалпы сомасы 9 184 430 теңге көлемінде айыппұл төледі.
Барлық басшылармен және азаматтармен абаттандыру ережелерін сақтау, айналаны таза ұстап, санитарлық жағдайына ұқыпты қарау, нысан аумағын жинауды ұйымдастыру жөнінде әңгімелесу жүргізілді. Жалпы кәсіпкерлер өздеріне тиесілі аумақты таза ұстауға міндетті.
Бұл – олардың адами парызы. Ал абаттандыру ережелерін бұзғандарға ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі бойынша заңды тұлғаларға 30-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды