«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ағаш егу шарасы

0 21

Кеше Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, республикалық «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы елордадағы №48 мектеп-лицейде ағаш егу шарасын өткізді.

Іс-шараға аталған білім ордасындағы оқушылармен қатар мұғалімдер, Еуразия ұлттық университетінің студенттері және лагерь бүлдіршіндері қатысты. Олар мектеп айналасына жиырма шақты қарағай мен шырша отырғызды.
– Биыл тек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мың ағаш отырғызылады деп жоспарланды. Қазір ағаш егу нау­қаны аяқталып қалды, енді акция күз айларында жалғасын табады, – деді «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай.
Айта кетейік, бұл альянс­тың ұйымдастырумен «Қазақстандағы су мәселесінің жағдайы және оны шешу жолдары» атты III Халық­аралық экологиялық конгресс, «Әр қазақстандыққа – бір тал» сияқты эко-шаралар өткізіліп келеді.

Әнел ЖАРЫЛҒАСЫНҚЫЗЫ,
Қаржы академиясының студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды