Понедельник, 26 Июнь 2017
-->

Әділжан Мұханов өмірден өз орнын тауып, болашаққа сеніммен қарайды

Әділжан дүние есігін ашқанда, дәрігерлер оның туабітті науқасқа шалдыққанын анықтады. Әке-шешесі ұлынан бас тар­туды ойламады, сүйіспеншілік пен махаббатқа бөлеп, Әділ­жанның лайықты азамат болып өсуіне барлық күшін салды.

adilzhan

Жылдар өте келе Әділжан Мұха­­нов та өмірден өз орнын та­у­ып, бүгінде болашаққа сеніммен қарайтын болды.
«Анамның махаббаты мен екі апайымның жанашырлығы қуат берді. Әкем жасымнан шахмат ойнауға үйреткен болатын. Өмірдің барлық сәттерінде сол шахмат тақтасын елестетемін. Шахматтың тастарының әрқайсының өз жолы бар, оны таңдауға мүм­кін­дік бар. Мен де солай өз жолымды жаңылыспай таңдауға машықтандым. Арбаға таңылдым деп екі қолымды бір сілтеп, отбасыма да, қоғамға да масыл болып күн өткізіп жүргендер жоқ емес. Тіпті, ондай жандар он екі мүшесі сау адамдардың арасында да аз кездеспейді» дейді Әділжан.
«Өзгелерден артық жерім бала күнімде ойын ойнап, уақытымды босқа өткізуге мүмкіндік болған жоқ» деп Әділжан аяғының кемдігін де пайдасына қарай шешіп отырғанын күліп жеткізді.
Ол кітапты көп оқиды. Көбіне пси­хологиялық ой-өрісін дамытатын әдебиеттерге құмар болды. Әлеуметтік орталықтардағы тренингтерден өтіп, ішкі кедергілерден өтуге үйреніп, көпшіліктің алдында шығып сөйлеуге машықтанды. Оның көмегі көп болды, жоғары оқу орнында білім алып, әлеуметтік қызметкер мамандығын алады. Заңгер мамандығына да сырттай оқып жүр. Біраз уақыт Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп те көрді. Қазір жеке тұлғаның әлеуметтендіру және тұлға ретінде дамуы жөніндегі халықаралық жобаға қатысып, сол бойынша ізденіп жүр.
Астанада өзі қатарлы жастардың ішінде шахматтан озғаны жоқ. Рес­­публика бойынша жарыстан екін­ші орынды иемденді. Ең бастысы, «өз тағ­дырың өзіңнің қолыңда» деген­ді жақсы түсініп, келер күн­нің бағ­дарына айналдырған. Осыдан сегіз жыл бұрын дүниеден озған ана­сы да осы сөзді жиі қайталаушы еді…

Айгүл УАЙСОВА

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*