«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Адамдар жақсы жаңалықтар мен өзгерістер күтеді

0 14

Кеше Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депуттарымен кездесіп, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты мазмұнмен байыту және жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жұмыспен қамтамасыз ету керектігі жайында ­айтты.

– Қолданыстағы заңнама жергілікті билік органдарына айтарлықтай өкі­леттік береді. Бюджет қаражатын жұм­саудың басымдықтарын анықтау, қол­да бар қаржы ресурстарын дұрыс бөлу, жергілікті бюджеттің орында­луын бақылау мәслихат депутаттарына байланысты, – деді Сенат спикері.
Мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов мәслихаттың көшпелі комиссиясы тұрақты түрде жұмыс істейтінін әрі жария тыңдаулар қарсаңында нысандарға барып, елорда тұрғындарымен кез­десетінін және қаланың жай-күйінің нақты бағасын алатыны туралы хабардар етті. Ал мәслихат депутаты Рамзия Өмірбаева қаланың әлеуметтік саласын жақсарту жолында жасалған депутаттық бастамалар туралы айтты.
Сенат төрағасы мәслихаттар қызметін дамытудың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін үлестік құрылыстардың мәселелері, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үй­мен қамтамасыз ету, қалалық инф­рақұрылымды жақсарту және басқа да жедел шешуді талап ететін бір­қа­тар өзекті мәселелерге шараға қаты­сушылардың назарын аударды.
«Біздің ортақ мақсатымыз – азамат­тардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру. Адамдар жақсы жаңалықтар мен өзгерістерді күтеді. Және ертең емес, бүгін күтіп отыр» деді Дариға Назарбаева.
Сондай-ақ, Сенат басшысы маңызды мемлекеттік бағдарламаларды халық арасына жеткізу мен хабардар ету жұмыстарының нашар екенін атап өтті.
Сенат спикері халықтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін бюджеттік тұр­ғын үй мен жатақхана салуға кәсіп­керлерді тартуды ұсынды. Сонымен қа­тар аудиттің тәуелсіздігі мен тиім­ділігі және аймақтардағы тексеру ко­мис­сияларының бақылау міндеттерін қамтамасыз етудің қажеттігі атап өтіл­ді.
Кездесуде Дариға Назарбаева мәс­лихат депутаттарын заң жобаларын әзірлеуге белсенді қатысуға, оларды іске асыру кезеңінде өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге, ал сенаторларға сайлаушылардың нақты проблемаларын білу және оларды жедел шешу үшін мәслихат депутаттарымен жиі қарым-қатынас жасауға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды