«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Адамдар санасына серпіліс керек

0 21

Мемлекет басшысы өз Жолдауында медицинаны жақсарту басты міндет екенін атап өтті. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді көлемін сақтап отыр, ал келесі жыл ішінде 2,8 трлн теңгеден астам қаражат және үш жылдық бюджет шеңберінде денсаулық сақтау жүйесін дамытуға тағы 2,3 трлн теңге бөлу жоспарлануда. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Өз кезегінде МӘМС жүзеге асыру медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталғанын Президент өз Жолдауында қадап айтуы оның маңызды екенін білдіреді.


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынудың қазіргі жүйесі адамдардың мемлекетке деген тұтынушылық қарым-қатынасының қалыптасуына алып келді. Адам өз жағдайына өзі жауап беруі тиіс. Біреудің қамқорлық жасағанын күтпей, өзін-өзі қорғап, денсаулығын қадағалауы керек. Яғни, кез келген уақытта көмектесуге дайын жүйе керенаулық көңіл-күйге апарып соқтырады, сөйтіп, адам денсау­лығына салғырт қарай бастайды. Міне, осы себепті қоғамның сақтандыру медицинасының маңыздылығын түсіну қажеттілігі туындады. Жүйенің сапалы жұмысын қамтамасыз ете алатын медициналық сақтандыру қоры міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс.
МӘМС арқасында бірнеше аспектілерге жағымды әсер етуге боларына сенімдімін. Біріншіден, бюджетті ұлғайтуға болады. Бұл манипуляциялар мен операциялар жүргізу үшін заманауи дәрі-дәрмектер мен шығын материалдарын сатып алуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, қоғамның санасына әсер етеді. Әркім денсаулығының жағдайы өз қолында екенін түсінеді. Міндетті медициналық сақтандыру ұғымы адамдардың санасынан берік орын алған кезде, көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасы да айтарлықтай жоғарылайды, сыр­қаттану төмендейді.
Міндетті медициналық сақтандыруды пайдалану – қалыпты тәжірибе. Оны дамыған елдерде кеңінен қолданып келеді. Тұрғындардың салықтары мен сақтандыру аударымдары оларды сапалы және тиімді емдеумен қамтамасыз етеді. Мен Түркияда 10 жылдай жұмыс істедім. Онда бірнеше жүйе бар: зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру, орта бизнесті сақтандыру және басқалары. Әр азамат сақтандырудың қандай да бір тұжырымдамасын таңдауға және полис алуға жарна жасауға құқылы. Олар сақтандырусыз бірдеңе талап ете аламын деп ойламайды. Сонымен қатар егер адамның қандай да бір зиянды әдеттері болса, мысалы, темекі шексе, онда ол одан да көп сома аударады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды