«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Адалдық сағаты» соқты

0 20

Жастар жылы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас­тамасымен елордалық 86 мектептің 6, 7, 8-сынып оқушыларына «Адалдық сағаты» респуб­ликалық шарасы өтті.Іс-шараға агенттіктің аумақтық департамент басшылары, «Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің менеджерлері, арнайы мониторингтік топтың мүшелері, Білім басқармасының өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Nur Otan партиясының өкілдері қатысты.
Аталмыш шара аясында елордалық департамент басшысы Нұрлан Қыдырбаев оқушы­ларға адал еңбек ету, рухани-­адам­гершілік құндылықтар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ «Парасаттылық дегеніміз не?» деген сұраққа ұлы Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» нақыл сөздерінен мысал келтіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің түпкі негізі парасаттылық идеологиясында жатқанын ерекше атап өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды