«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Абайламағандар айыппұл төлейді

0 78

Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың қала аумағын таза ұстау ережесін бұзу деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Полиция қызметкерлері биылғы жылдың басынан бері жүк тасушы автокөліктерінің 22 жүргізушісіне жалпы сомасы 800 мыңнан астам теңге көлемінде, 4 заңды тұлғаға жалпы сомасы 200 000 теңге көлемінде айыппұл салып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мәселен, Ж.Нәжімеденов және Ш.Қалдаяқов көшелерінің маңындағы «Шабыт» сарайының артына құрылыс қоқысын тастаған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі ұсталып, оған 42 420 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 505-бабына сәйкес, қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – 20, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер болса, онда айыппұл көлемі өсіп, жеке тұлғаларға – 30, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын естеріңізге саламыз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды