«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Абай рухы жаңғырды

0 29

Абай ескерткішінің алдында «Нұр-Сұлтан – еліміздің бас қаласы, жастар – болашақтың бастамасы» деген кітап және поэзия мерекесі өтті.


Бұл шараны Мәде­ниет және спорт басқармасының қолдауымен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйым­дастырды. Биылғы ме­реке Абай атамыздың ал­дағы жылғы 175 жылдық мерейтойына арналды. Мәдени шара алдымен ұлы ақын ескерткішіне гүл шоғын қоюдан басталды. Содан кейін тұрғындар мен қала қонақтары «Абайдың рухы» атты театрландырылған қойы­лымды тамашалады. Хакім атамыздың рөлін Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театрының актері Қасымхан Бұғыбай сомдады.
– Біз бұл іс-шараны Қала күні мерекесіне орай жыл сайын өткізіп келеміз. Биылғы кешті Абай атамызға әдейілеп арнадық. Өйткені ақын шығармаларын жұртшылыққа кеңірек насихаттауды көздедік. Одан қалды, Жастар жылы болғандықтан, жас оқырмандарымызға да қызықты ойындар, түрлі байқаулар ұйымдастырып отырмыз. Сондықтан бәріңізді елорда күнімен құттықтаймын, – деді Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева.
Шара барысында жас ақындар астанаға арнаған өлеңдерін оқып, жиналған қауымға рухани ләззат сыйлады. Шығармашыл жастарға арналған жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды. Қуыр­шақ театрының әртістері жас оқырмандарға арнап «Жаңа кітаптар кейіпкерлерімен танысу» деген ойындар өткізді. «Жастар және кітап» атты әдеби нон-стоп деген іс-шара ұйым­­дастырылып, ке­лу­шілер өздері қалаған кі­таптарды оқуға алды. Со­нымен бірге «Сүйікті қалама сыйлық» атты шығармашылық көр­ме-жәрмеңке болды. Шара соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлық берілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды