«ЕЛІМ-АЙ!» ДЕП ӨТКЕН ЕСІЛ ЕР!..»

Бүкіл әлемге Мәңгілік Ел болу мұратын жария еткен халқымыз сан ғасырлар бойы ата-баба­ла­ры­мыз­­ аңсаған Тәуелсіздіктің іргетасы  – ұлттық құндылықтар мен сана-сезімді жаңғыртуға, бұрынғы өткен асылдарды­ ардақтап, ұлыларды ұлықтауға айрықша мән беріп отырғаны белгілі.

Бұл ретте, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген, тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қыруар істер атқарылып, рухани қазыналарымыз ұлт мақтанышына айналды, ел игілігіне қызмет ете бастады. Осындай даңқты бабаларымыздың бірегейі Қожаберген Толыбайұлының есімі кеңестік кезеңде қасақана бүркемеленіп, еліне сіңірген еңбегі, ұрпағына қалдырған мол мұрасы еленбей келді.

Ел тәуелсіздігінің арқасында ғана тарих ақтаңдақтарының құпия беттері ашылып, даңқты тұлға туған халқымен қайта қауышты!

Енді, міне, кең-байтақ жерімізді, қазақ сынды қабырғалы елімізді жат жұрттың шеңгелінен қызғыштай қорып, жалынды жырлар төккен дауылпаз ақын-жырау атақты «Елім-ай» дастанының авторы, 1688-1710 жылдар қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған ордабасы, ержүрек батыр, әйгілі « Жеті жарғы» заңнамасын жазуға атсалысқан дуалы ауыз би-көсем әрі мемлекет қайраткері Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ел көлемінде аталып өтілуде. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры даңқты баһадүрді ардақ тұтқан азаматтардың қолдауымен жазба ақындарының «Елім-ай!» деп өткен есіл ер!..» атты республикалық жыр мүшайрасын өткізгелі отыр.

Мүшайраға еліміздің барлық аймақтарынан ақындар қатыса алады. Үміткерлер қазылар алқасының қарауына үш өлең ұсынуға тиіс. Оның біреуі – Қожаберген жырау рухына бағышталса, екіншісіне «Елім-ай» дастаны арқау болғаны жөн, үшіншісі – еркін тақырыпта.

Шығармалардың көлеміне шек қойылмайды. Бұрын жарық көрген немесе Қазылар алқасының қарауына белгіленген мерзімнен кеш түскен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармалар 2013 жылдың 5 маусымына дейін қабылданады. Сараптау нәтижесінде жүлдеге лайықты деп танылған ақындар осы жылдың 21 маусымында Петропавл (Қызылжар) қаласында өтетін мүшайраның ақтық сайысына шақырылады.

Мүшайра жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен және дип-ломдармен марапатталады:

Бас бәйге (біреу) – автокөлік
Бірінші орынға бәйге (біреу)
Екінші орынға бәйге (біреу)
Үшінші орынға бәйге (екеу)
Ынталандыру сыйлығы (үшеу)

Жабық бәйге болғандықтан, өлеңдер бүркеншік атпен (псевдоним) жолданады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып, желімделіп, оның бетіне тек бүркеншік аты ғана жазылады. Үлкен конверттің сыртында жіберушінің аты-жөні деген жерге бүркеншік аты жазылады.

Бәйге қатысуға тілек білдіргендер өздерінің шығармаларын мына мекен-жайға жолдаулары керек:

Астана қаласы, 010000, Достық көшесі, 20-үй, 1704-кеңсе, «Жеті жарғы және Қожаберген Жырау» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорына.

Анықтамаларды мына телефондар арқылы алуға болады:
8-777-2183335, 8-702- 8933699.
Е-mail: aidana31_89@mail.ru

Еркежан СӘТІМБЕК

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>