«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

9 қабатты паркинг салынады

0 112

Астананың сол жағалауындағы «Москва» бизнес орталығының жанынан 9 қабатты паркинг салынбақ. Бұл туралы тілшілерге сұхбатын берген «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Канкин мәлімдеді.

Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатқан көп қабатты паркингте әзірге нақты қанша орын болатыны белгісіз көрінеді. 0,5 гектар жерге салынатын көлік ғимаратының көлемі 21,2 мың шаршы ­метрді құрайтын болады. Жоспар бойынша паркингтің құрылыс жұмыстары биыл басталып, шамамен 2-3 жылдың көлемінде пайдалануға берілетінін айтады Бауыржан Канкин.
– Жалпы, сол жағалауда көп қабатты паркинг салуға арналған «Астана» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты үш жер учаскесі бар. Соның бірі «Москва» бизнес орталығының жанында болса, қалған екеуі «Сулы-жасыл желек жолы» әкімшілік-тұрғын кешені мен Инвестиция және даму министрлігі ғимараттарының маңынан орын тепкен. Көп қабатты қоғамдық паркинг – ол заманауи қаланың көрінісі. Бұл – қаладағы алғашқы қоғамдық паркинг. Оның үстіне, «Москва» бизнес орталығының айналасындағы аумақ – көлік тұрағын көптеп қажет ететін орындардың бірі. Сондықтан бұл жоба қаланың осы бөлігіндегі көлік нөпірінің азаюына септігін тигізетініне сеніміміз кәміл. Қанатқақты жобаны жүзеге асырған соң қалған екі жер учаскесінде де көп қабатты паркинг салуға құлықты инвесторлар табылады деген ойдамыз, – дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды