«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Құрылыс қарқыны – ұдайы бақылауда

0 20

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Гарант» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Бұл проблемалы нысанның құрылысын 2011 жылы «Азбука жилья» компаниясы бастаған. Тұрғын үй 330 пәтерге есептелген. 2016 жылы ол «Орда инжиниринг» ЖШС-ке берілген. Мұндағы үлескерлердің саны – 168 отбасы.
Шаһар басшысы өз сөзінде нысанның құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды.
– Біз сіздермен маусым айының 19-ы күні кездес­тік. Қазірдің өзінде ілгерілеу байқалады. Енді осы қарқынды төмендетпеу қажет. Тиімді құрылыс маусымын дұрыс пайдалану керек. Қауіпсіздікті сақтап, сапаға мән беріңіздер. Екінші ауысым жұмысшылары жақын маңдағы тұрғындардың мазасын алмай, ішкі жұмыс­тармен айналысқаны жөн. Аумақты абаттандыруды көктемге қалдыруға болмайды, – деді ол.
Ендігі уақытта елорда әкімі жұмыс уақыты басталғанға дейін үлескерлік құрылыс алаңдарын аралап, олардың жұмысын қадағалайды. Бүгінде қалада құрылысы аяқталмаған 51 нысан бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды