«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордалық 324 түлек «Алтын белгіге» үміткер

0 46

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша биыл ­6274 оқу­шы мектеп бітірді. Олардың арасынан 324 түлек «Алтын белгі» иегері атануға, 352 тү­лек ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер бо­лып отыр.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша ҰБТ-ға қатысуға 5791 түлек (93,3 пайыз) өтініш білдірді. Олардың 3711-і сынақты қазақ тілінде, 2068-і орыс тілінде және 12-сі ағылшын тілінде тапсырады. Түлектердің ең көбі №54 мектептен – 151 түлек, одан кейін №75 мектепте 143 түлек оқу бітірді. «Алтын белгіге» үміткерлердің басым көпшілігі №1 мектеп және физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінен – 16 оқушы, №48 мектептен – 13 оқушы, одан кейін №69, 62 мектептер мен «Нұр-Орда» мектебінен – 11 оқушы, №61 мектеп пен дарынды қыздарға арналған «Білім Инновация» лицейінен 9 үміткерден болды. Ал ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер қатарына физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Интеллектуалдық мектебінен – 30, қыздарға арналған «Білім Инновация» лицейінен – 21, «Нұр-Орда» мектебінен – 20, ұлдарға арналған «Білім Инновация» лицейінен – 19, №51 мектеп пен Назарбаев Интеллектуалдық мектебінен (халықаралық бакалавриат) – 12 оқушыдан, №1, 17, 56, 66 мектептерден 11 оқушыдан тіркелген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды