«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Аналарға арналған қолөнер орталығы

0 46

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде қолөнер орталығы мен «Аналар аманаты» атты көрме ашылды. Оған қала әкімі, Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, сондай-ақ астана тұрғындары қатысты.

Іс-шара басында белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков көрменің атауына ерекше тоқталып, қазақта «аманат» деген сөздің қасиеті өте жоғары екенін тілге тиек етті.
– Аманат дегеніміз – сертпен тең. Оған қиянат жасауға мүлде болмайды. Бүгінгі көрме арқылы елордалық әйелдердің, көпбалалы аналардың шығармашылығын қолдап жатқаны үшін ризамын, – деді ол.
Бұдан соң шаһар басшысы Бақыт Сұлтанов сөз алып, аталған іс-шара Елбасы тапсырмасын орындауда үлкен қадамдардың бірі екенін айтты.
– Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» атты мақалаларында Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін насихаттау идеясын көтерген еді. Бұл шара соның бір айғағы іспетті. Мұнымен қоса, биылғы «Жастар жылында» жас аналар мен қыз-келіншектердің шығармашылығын шыңдауына барынша мүмкіндік бергіміз келеді, – деді.
Салтанатты жиынның құр­метіне қазақы дәстүр бойынша шашу шашылып, одан соң қонақтар он саусағынан өнер тамған қыз-келіншектер мен әже-апалардың жұмыстарымен танысты. Алдағы уақытта осы орталықта «Кілем – әлем жолы», «Қазақстан халқының ежелгі қолөнері», «Тұрғын үй жабдығы», «Этностардың ұлттық киімі» секілді тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды