«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Барыс» балалармен хоккей ойнады

0 56

Бүгін «Барыс» клубының танымал хоккейшілері «Қазақ Елі» монументі жанындағы мұз айдынында балалармен хоккей ойнап, шеберліктерін көрсетті.

«Спорт – салауатты болашақ» ұранымен өткен іс-шараны ұйымдастыруға Алматы ауданы әкімдігі мұрындық болды.
– Бүгін ұл-қыздардың қысқы спорт түрлеріне, әсіресе, xоккейге қызыға бастағаны қуантады. Осы қыста біздің аудандағы төрт мектептің аумағына мұз айдыны жасалды. Балаларға шеберлік сабағын өткізген «Барыс» командасына алғысымды білдіремін, – деді Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев.
«Барыс» командасының шабуылшысы Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, қорғаушылар Валерий Орехов және Виктор Сведберг «Астана» спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Жас хоккейші Інжу «Мен «Барыс» клубының жанкүйерімін және бүгінгі шараға қатысқаныма өте қуаныштымын» деп алған әсерімен бөлісті.
Сондай-ақ балалар кәсіби мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратовамен де жүздесті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды