«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Елордада – электрлі автобустар

0 52

Биылғы жазда Астанаға алғашқы электрлі автобус­тар әкелінеді. Бұл туралы Қазақстандағы автомобиль бизнесі ассоциациясының президенті Андрей Лаврентьев мәлімдеді.

 

Осы айдың соңында электрлі автобустарды тестілеу басталады. Сол кезде олардың қысқы суыққа қаншалықты шыдамдылығы белгілі болады.
– Бұрын электрлі автобустар қымбат тұратын. Қазіргі таңда олардың бағасы қарапайым автобустарға қарағанда 10-20 пайызға ғана жоғары. Қарапайым автобустардың май, дизель отыны, қосалқы бөлшектер секілді шығындары болса, электрлі автобустарда ондай жоқ, – дейді А.Лаврентьев.
Бүгінде қалада электрлі көліктерді қуаттайтын 50 станса орнатылған. «Оператор РОП» компаниясы әзірлеп жатқан арнайы карталардың көмегімен электромобильдерді Астана, Алматы және Астана-Бурабай тасжолдарында қуаттауға болады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды