«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Самал «Оскар» ала ма?

1 111

Мәскеудің «Вечерняя Москва» газетінің 15 қаңтар күнгі санында актриса Самал Еслямованың сұхбаты жарық көріпті.

Бір қуаныштысы, мол таралыммен күніне баспадан екі мәрте басылып шығатын га­зеттің алғашқы, мұқаба беті тұтастай қазақ қызының суретімен ашылып, сұхбат 12-бетте жалғасын тауыпты.
Самал Еслямова ресейлік кинорежиссер Сергей Дворцевойдың 6 жыл бойы түсірген «Айка» фильмінде қырғыз әйелінің рөлін сомдаған-ды. Осы рөлі үшін ол Канн кинофестивалінің үздік актрисасы атанған болатын. Мәскеулік газет тілшісі мен қазақ актрисасының арасындағы әңгіме осы фильм жайында өрбіген екен.
Сондай-ақ сұхбат барысында Самал жақын арада түсірілімі басталатын Сергей Бодровтың «Калашников» фильмінде әскери қыздың рөлін сомдайтынын тілге тиек етіпті. «Менің атам – Ұлы Отан соғысының ардагері. Сондықтан соғыс тақырыбы мен үшін маңызды. Бұйырса, осы рөлден де мол тәжірибе жинаймын деп ойлаймын» дейді С.Еслямова.
Айта кету керек, «Айка» фильміндегі рөлі үшін отандасымыз «Оскар» сыйлығына ұсы­нылыпты. Оның қорытындысы 22 қаң­тарда шығарылмақ. Бұл байрақты бәсекеде де қазақ қызының бағы жансын деп тіледік.

  1. Айгүл :

    Лайықты актриса!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды