«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Өзбек – қазақ достығы жарасқан жыл

0 15

2018 жылы наурызда Орталық Азия елдері басшы­ларының кездесуі өткен болатын. Осы кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу рәсімін жариялап, оның Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар екеніне тоқталды.

Қазақстан Президенті Аста­на мен Ташкент сау­да-эко­номикалық және инвести­циялық ынтымақ­тас­тықты табысты дамытып келе жат­қанын, сондай-ақ олардың ха­лықаралық және өңірлік маңызды мәселелерді шешуге қатысты ұстанымдарының ортақ екенін айтты. Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 32 пайызға артық. Осы жыл бойынша құны 3 млрд АҚШ доллары болатын сауда-саттық және инвестициялық бағытта келісімдерге қол қойыл­ды. Алдағы үш жылда екі мемлекет бұл соманы 5 млрд АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр.
– Қазақстандағы Өзбекстан жылы екі халықтың шынайы бауырластығын танытады. Бұл байланыс тамырының тереңдігімен, ортақ тарихымен және бабаларымыздың бай рухани мұраларымен нығайып отыр, – деді Мемлекет басшысы сол кездесуде.
Жыл бойына жүзеге асқан бұл бастама тараптар арасындағы түрлі бағыт бойынша әріптестік орнатуға жол ашты.
Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында 200-ге тарта шара ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн.
Бауырластық шараның бір көрінісі мәдени шараларда көрініс тапты. Астанаға Өзбекстан өнерпаздары келіп, концерт қойды. Оған атақты «Ялла» ансамблі мен «Тумор», «НавБахор» би ұжымдары және бірқатар өнер жұлдызы қатысты. Әншілер біздің ұлттық әндер мен өзбек композиторларының танымал шығармаларын шырқады. Шымкент пен Түркістанда, Қызыл­ордада өзбек фильмдерінің күні өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды