«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

700 тонна азық-түлік әкеледі

0 35

7-8 қыркүйек күндері «Хан Шатыр» сауда орталығы алаңында Алматы және Қостанай облыс­тарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жәрмеңкеге Алматы және Қостанай облыстарының 31 ауданы мен 6 қаласының тауар өндірушілері қатысады. Алматы облысының кәсіпорындары шамамен 163 млн теңге сомасына 330,9 тонна ауылшаруашылық өнімдерін сатуды жоспарлап отырса, Қостанай облысы жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 380 тонна өнімді саудаламақ. Елорда тұрғындарын арзан, табиғи құнарлы өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін жәрмеңкеде қала тұрғындарының ет, сүт, жеміс-жидек, балық сияқты өнімдерді тиімді бағамен сатып алуына мүмкіндік бар.
Жәрмеңке кезінде екі облыстың өнер ұжымдарының сауық-сайран тамашасы да өтеді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды