«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

0 15

КОРЕЙЛЕР ЖАҚЫНДАСА ТҮСТІ

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея елдерінің әскерлері шекаралас аймақты тазартуға кірісті.

Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сәйкес, әскери қызметкерлер Панмуджонның демилитаризацияланған аймағында жер үсті миналарын алып тастауға кірісті. Жарыл­ғыш құрылғылар 20 күн ішінде жойылады.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялықтар екі шекара аймағын тазартқан. Ал Солтүстік Кореяның қай кезеңге жеткені әзірге белгісіз. Шекараны жарылғыш заттардан тазарту мәселесі 18-20 қыркүйек күні Пхеньянда өткен корейлер арасындағы саммитте талқыланыпты. Бұған қоса, алдағы уақытта корей елдерінің арасында теміржол қатынайтын болады.

ҮНДІСТАН АҚШ-ТАН ҮРІКПЕЙДІ

Үндістан билігі Ресейден С-400 қаруын сатып алуына байланысты АҚШ тарапы санкция салуы мүмкін екенін болжап отыр. Алайда бұған қарамастан, бұл сауда алдағы уақытта жалғаса бермек.

– Біз Америкадан технология сатып алу үшін байланыс орнатқанымызбен тәуелсіз саясатты ұстанамыз. Алдағы уақытта АҚШ-пен түсініспеушілік болуы мүмкін екендігіне қарамастан, Ресейден С-400 кешенін сатып алуды тоқтатпаймыз, – деді Үндістан қорғаныс штабының басшысы Бипин Рават.
Өткен аптада Ресей мен Үндістан С-400 кешенін жеткізу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Жаңа бес зымыранның құны 5,43 млрд долларды құрайды.

АУА ТАЗАЛАЙТЫН АВТОБУС

Ұлыбританияда «жасыл» жоба – ауа тазалайтын автобустар жүре бастады.

Қалалық қоғамдық кө­ліктердің әсерінен қоршаған ортаның ластануы проблемасын шешу үшін бұл бастаманы Go-Ahead компаниясы қолға алған. Алдымен жобаны ең лас­танған қалалардың бірі Саутгемптонда эксперимент ретінде іске қосқан. Ерекше автобустардың төбесіне арнайы сүзгі жасалды. Автобус қозғала бастағанда жұмыс істейтін сүзгіш зиянды заттарды ұстап қалып, сыртқа таза ауа шығарады. Жобалаушылар мұндай автобустар 10 метр биіктікке дейінгі ауаны тазартатынын айтады. Осындай құрылғыны Саутгемптонның автобус парктері түгел орнатса, шаһар ауасы жылына бірнеше рет тазармақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды