«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Алло, «Астана ақшамы»!

0 10

 Ғани ҚАЙРАТҰЛЫ, елорда тұрғыны:
– Қоғамдық көлік картасын валидация жасағаннан кейін бір сағатта екінші автобуспен тегін жүру мүмкіндігі бұдан былай күніне бір-ақ рет болады деп естідім. Сонымен қатар жүргізуші жақтағы валидатордан 180 теңге алынады дегенді де құлағым шалды. Бұл ақпараттар қаншалықты шындық? 

Осы сауалға «Astana LRT» компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаеваның жауабын ұсынамыз.

– Бұл екеуі де – жалған ақпарат. Олай болуы мүмкін де емес. Жаңа электронды жүйеге қарсы адамдар әдейі осындай ақпараттарды таратып жүрген сияқты. Жалпы, көлік картасымен 90 теңге төлеу арқылы бір сағаттың ішінде автобустың бірінен екіншісіне ауысқанда жол жүру тегін болады. Бұлай күніне қанша рет жүрсеңіз де, картадан артық ақша алынбайды. Сол сияқ­ты жүргізуші жанындағы валидатордың картадан 180 теңге алатыны да өтірік. Автобустардағы барлық валидаторлардың қызметі бірдей. Егер қажет десеңіз, мұны кез келген уақытта дәлелдеп бере аламыз. Тек кей жағдайда ғана картадан екі рет ақша алынуы мүмкін. Мысалы, соңғы аялдамаға таяғанда жолаушылар автобусқа кіре салысымен бірден валидация жасаса, екінші автобусқа ауысқанда да ақша төленеді. Өйткені соңғы аялдамаға тоқтап, жаңа рейс бас­талғанда оған дейінгі есеп айырысулар жарамсыз болып саналады. Электронды жүйенің жұмысы осылай. Сондықтан жолау­шыларға айтарымыз, автобусқа соңғы аялдамаға жақындағанда отырсаңыз, валидацияны оның жаңа рейсі басталғанда бірақ жасаңыз. Жолаушылар осыны ескерсе екен дейміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды