«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

70 мектепте роботтехника сыныбы ашылды

0 75

 «Ғылым мен техника саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында бүгінгі күні елорда мектептерінің материалдық-техникалық жағдайлары жоспарлы түрде  жақсартылуда» деді  Әсет Исекешов халықпен өткізілген есеп беру кездесуінде.

 

 Қазір қаланың 70 мектебінде роботтехника сыныбы ашылды. Жыл аяғына дейін барлық мектептер роботтехникамен жабдықталатын болады.

«3D-принтер және инженерлік жабдықтармен жасақталған STEM-зертханасы жұмыс істей бастады. Биыл тағы 10 мектеп пайдалануға беріледі.  Халықаралық сертификатты  IT- маман даярлауға мүмкіндік беретін  CISCO академия желісі  іске қосылды, деді  Астана әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды