«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

33 медаль еншіледі

0 39

Жакарта қаласында өткен Пара Азия ойындарында Қазақстан жалпы 33 медаль еншіледі.

Ел қоржынына 5 алтын, 15 күміс және 13 қола жүлде түсті. Бұл айтулы додада 4 спортшымыз алғаш рет жүлдегер атанды. Сондай-ақ волейболшылар командалық ойында бірінші рет қола медальға қол жеткізді. ІІІ Пара Азия ойындарына әлемнің 43 елінен 3 мыңнан аса спортшы қатысты. Біздің елден 9 пара спорт түрінен 91 спортшы бақ сынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды