«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

33 мамандық бағаланды

0 109

Еліміздегі жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезеңі шеңберінде 33 мамандықтың нәтижесі белгілі болды. Бұл ақпаратты ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов жария етті.

Бұл бағалауды министрлік «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүргізген. «Аталған шара аясында біз 2000-ға жуық білім беру бағдарламасын бағалаймыз деп мақсат қойдық. Соның бүгінге дейін 33 мамандық бойынша 784 білім беру бағдарламасын қарадық. Оған, негізінен, техникалық мамандықтар, әлеу­меттік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары енді. Бағдарламаны тікелей жұмыс беруші өкілдері мен арнайы сарапшылар бағалады» деді вице-министр.
Рейтинг аясында елімізде «құрылыс» мамандығы 35 жоғары оқу орнында бар екені анықталды. Орталық Азия университеті мен Каспий қоғамдық университетіне іс жүзінде тәжірибесі бар оқытушыларды алуға кеңес берілді. Сондай-ақ, республика бойынша жоғары жалақы «мұнай-газ ісі» мамандығында тіркелген, оларда орташа еңбекақы – 250000 теңге. Бұл мамандық бойынша білім алған түлектердің жұмысқа орналасуы 84 пайызды көрсетті. Ал ең төменгі жалақы – «биотехнология» мамандығын тәмамдаған түлектер үлесінде. Олардың орташа еңбекақысы – 70 мың теңге. Жыл соңына дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 50-ден астам мамандықтың рейтингін ұсынбақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды