«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

29-автобустың бағыты өзгерді

0 9

№ 29 автобусының қозғалыс бағыты өзгертілді. Енді ол «Жағалау-4» тұрғын үй кешені арқылы өтеді. Қоғамдық көліктің жаңа сызба бойынша қозғалысы бүгіннен бастап іске қосылды.

«Мұндағы мақсат – Е-10 көшесінің тұрғындарын («Құлагер», «Шығыс», «Сity lake», «Аққу», «Green Park», «Зеленый квартал», BI City Seoul», «Smart city» тұрғын үй кешендері), сондай-ақ «Жағалау-4» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуді оңтайландыру» дейді «Astana LRT» ЖШС баспасөз қызметінің мамандары.
Дәурен» балабақшасы» аялдамасынан «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы аялдамасына дейін бұрынғы бағытынан еш өзгеріссіз келетін қоғамдық көлік әрі қарай Тұран даңғылынан Е-10 көшесіне, одан кейін Ш.Айтматов көшесіне, содан соң Е-16 көшесіне бұрылып, «Жағалау-4» тұрғын үй кешеніне дейін барады. Осы жерден айналатын автобус Тұран даңғылы мен Е-10 көшесінің қиылысына дейін барған жолымен кері қайтады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды