Daily Archives: 13 Қаңтар 2018

КӨМІРТЕКТІ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ

Кеше елорда әкімдігінде «Астананың төмен көміртекті дамуға өту келешегі мен тетігі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел жиыны өтті. Астана халықаралық қаржы орталығы мен «Kaukointernational» ЖШС-ның және «Жасыл Академия» ғылыми білім беру орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен жиынға қала әкімі Әсет Исекешев пен ҚР Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков, Финляндияның Қазақстандағы елшісі Микко Кивикоски, сонымен қатар, қалалық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері мен отандық бизнес және ғалымдар, сарапшылар қатысты. Жиында алғашқы болып сөз алған қала басшысы Әсет Исекешев: – Астанадағы өмір сүру деңгейінің сапасын көтеру үшін төмен көміртек …

Ары қарай оқу

РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ЖАЛҒАСЫ

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Демократиялық күштердің  «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағда­йындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылған Демократиялық күштердің  «Қазақстан-2050» жалпы­ұлттық коалициясының құрамындағы «Ақжол» демо­кратия­лық партиясы, Қазақ­стан ха­лықтық коммунис­тік партиясы, «Ауыл» және «Бірлік» партияларының жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, ірі қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Коалиция отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының жыл сайынғы Жолдауы ел өміріндегі елеулі оқиға екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы – …

Ары қарай оқу

ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖОБА

Қазіргі жаһан үлкен өзгерістер мен серпілістер қарсаңында тұр. Бұл кезең адамзат баласы алдына, сарапшылар айтып жүргендей, төртінші өндірістік революция дәуірін әкеліп, оның мүмкіндіктері мен өрісінің аясын барынша кеңейте түседі. Жаңа дәуір өмірге соны әдістер мен тың технологияларды енгізу арқылы жұмыс күші нарығын түбегейлі өзгертіп, адамдардың экономикалық жағынан ұстанатын қағидаттары мен тіршілік ету дәстүрін айтарлықтай жаңғыртатын болады. Мұның бәріне ілесіп, замана көшінің алдыңғы легінде жүру үшін қай ел, қай қоғамда болмасын, білім беру ісі ең алдыңғы қатарға шығады. Себебі айтылып отырған технология­лық және рухани жаңғырулардың ешқайсысы білімсіз өз бетінше жүзеге аспайды. …

Ары қарай оқу

АСТАНА АҚТҮТЕК БОРАНҒА ТӨТЕП БЕРДІ

Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты сол күні қала әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, базарлар мен сауда орталықтары және құрылыс нысандарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Алайда Астана қаласының ІІД, ТЖД, өрт сөндіру, жедел медициналық жәрдем, коммуналдық қызметтерінің жедел әрекет жасап, зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсетуінің арқасында адам шығыны орын алған жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, қаладағы барлық мекеме әдеттегі жұмыс режиміне көшті.  Астана қаласы әкімінің бас­пасөз хатшысы Эльвира Жүр­генбаева мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров, ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары …

Ары қарай оқу

ЖЕРДЕ ЖЕТІМ ЖЫЛАМАСЫН…

Ұлан-ғайыр далада ұзын-сонар көштің шаңын қалдырып, ұлық күй кешкен ұлтымыздың ұсақтала бастаған тұсы – балалар үйіне қалдырып жатқан балаларымызбен өлшеніп еді-ау. Құрсағын жарып шыққан сәбиін үкіметтің үйіне өткізіп, белінен бөлінген шарананың тағдырына көзін тарс жұмып қарайтын безбүйрек жандар қазақтығымызға қанша рет сын болды? «Жетімін жылатпаған халықпыз» деп көлгірсігенде бітіргеніміз қайсы? «2018 жылы жетімдер үйін жаппай жабамыз» деп жар салғанымыз қайда? Ол, шынымен, орындала ма? Балалар үйлеріндегі жетімдердің жайы өркениетке өкшесін тіреп тұрған бүгінгі қоғамымызды «бас ауруынан» шынымен айықтыра ала ма? Атауын өзгерткенімен, әлі де сол қамқорлыққа зәру қаракөздеріміз паналап отырған …

Ары қарай оқу

ЕЛ ТӨРІНДЕГІ АЗИАДА

2011 жылғы 30 қаңтар күні Астана төрінде VІІ қысқы Азия ойындарының алауы тұтанды. Бұл шын мәнінде Қазақстан тарихындағы елеулі күндердің бірі саналады. «Астана Арена» стадионында өткен салтанатты ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, барша қазақстандықтарды және мәртебелі меймандарды ірі құрлықтық спорт форумының басталуымен құттықтап, өз елдерінің намысын қорғауға келген спортшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты рәсімге елдің басшылығымен қатар, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің және Азия Олимпиадалық кеңесінің президенттері және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Осылайша, 28 қаңтар – 6 ақпан аралығында Астана мен Алматы қалалары алып құрлықтағы аламан жарыстың алаңына айналды. VII …

Ары қарай оқу

АТАДАН ҰЛ ТУСА ИГІ…

НЕМЕСЕ ЕКІ АРНАНЫҢ ЕКІ ХАБАРЫ ЖӨНІНДЕ Еліміздің дамуында кезең-кезеңімен өткізілген экономи­калық, саяси реформалардан кейін қоғамдық сананы жаң­ғырту қажеттілігі туындады. Өйткені құндылықтар жүйесінің дағдарысы, рухани мұраттардың бұлыңғырлығы өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қоғамда дүниетанымдық дағдарыс анық байқалды. Мұндайда реформа жасала ма, жасалмай ма, бәрібір. Жалпыға бірдей түсінікті және олар қолдайтын жаңа мақсаттардың болмауы жұртшылықтың жүргізіліп жатқан реформаның әлеуметтік міндеттерін түсінбеуіне әкеп соғады. Ал оларды түсіндіруде халық арасында кең қолданысқа ие телевизия әлеуетін пайдаланбау жөнсіз болар еді. Бұл ретте еліміздің басты екі арнасы – «Хабар» және «Қазақстан» ұтымды қадам жасап, өткен жылы …

Ары қарай оқу

«АЛҒАШҚЫ КАПИТАЛЫМ – 25 ОМАРТА»

«100 жаңа есім» жобасында 10437 онлайн дауыс жинап, «Бизнес» номинациясында жеңімпаз атанғандардың бірі – астаналық Анатолий Добровольцев. Осыдан бес жыл бұрын 33 жасар қоғам белсендісі және табысты кәсіпкер елордадағы «Жас Отан» жастар қанатының хатшы қызметінен кетуге шешім қабылдайды. Астанада 12 жылдай тұрған Анатолий кіндік қаны тамған жер – Ақмола облысы Аршалы ауданы Бабатай стансасында омарта ісін бастайды. Анатолий ДОБРОВОЛЬЦЕВ, жас кәсіпкер, омарташы Алғашында Анатолийдің жора-жолдастары оның үлкен қаладағы өмірді ауылдағы тіршілікке айырбастағанын түсінбеді. Ал бүгінде омарташы маусымына 3-4 тонна бал өндіріп, кәсібін бір жолға қойып алды. – Әулетте омартамен айналысатын …

Ары қарай оқу