Daily Archives: 12 Қаңтар 2018

БОРАННАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕЛУДЕ

«Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев төтенше жағдай жариялаған болатын. Жарияланған төтенше жағдай  бүгін тоқтатылды. Ақ түтек боранда қала бойынша 26 тұрғын үй кешені зақымданғаны белгілі болып отыр. Атап айтқанда, Алматы ауданында – 4, Сарыарқа ауданында – 8 және Есіл ауданында – 14 тұрғын үйдің қасбеттері ұшып, терезелері сынған» деп хабарлайды Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.    Күні бой соққан қар аралас қатты желден 4 мектеп пен 3 балабақшаға айтарлықтай зақым келген. Сонымен қатар С.Сейфулин атындағы Қазақ агроттехникалық университетінің шатыры жартылай ұшып кетіп, оқу орынына үлкен …

Ары қарай оқу

АСТАНА ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ТАЗАРТЫЛУДА

Ауа райы қолайсыздығының салдарын жоюға қаланың Төтенше жағдайлар департаменті  жеке құрамының 221 қызметкері және жоғары өтімділігі бар 43 техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1367 жұмысшысы мен 618  техникасы жұмылдырылды.   «112» телефонына түтек боранға байланысты жабылған барлық бағыттағы жолдарда  көмек көрсетуді сұраған  4000-нан аса  қоңырау мен 1000-нан аса хабарлама түскен.  «Үркер» ауылында 10 үйде,  «Ситилайк» және «Жағалау – 3» тұрғын үй кешендерінде жарық өшіп, ол сол күні  екі сағаттың ішінде қалпына келтірілді. Қазір қаланың коммуналдық қызметі түні-түні жұмыс істеп, Астананы қар құрсауынан тазалауда.

Ары қарай оқу