Daily Archives: 10 Қаңтар 2018

ШЫМКЕНТТЕ АСТАНА ДАҢҒЫЛЫ НАЗАРБАЕВ ДАҢҒЫЛЫ АТАЛАТЫН БОЛДЫ

Астана даңғылын Назарбаев даңғылы деп қайта атау туралы шешімді облыстық мәслихаттың депутаттары бірауыздан қолдады. Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов кезекті сессияда қаладағы облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан  Астана даңғылына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс түсірді. Ұсынысты облыстық мәслихаттың депутатары бір ауыздан қолдады деп хабарлайды облыс әкімдігінің  ресми сайты.

Ары қарай оқу

АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Асқар Исабекұлы Мырзахметов 1962 жылы 1 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған.   1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.  2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.  2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында – «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы.  2009 …

Ары қарай оқу

ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ

2017 жылдың желтоқсан айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» атты кітабы жарық көрді. Бұл публицистика жанырында жазылған еңбекте еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасы байқалады. Сондай-ақ, егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен тәуелсіздік жағдайындағы ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалған. Еліміздің тәуелсіздік тарихындағы 26 жылдық уақыт мерзіміндегі мемлекеттің қалыптасуы мен дамуын қамтыған еңбек 4 бөлім, 31 тақырыпша, 33 нәтиже жазылған 508 беттен тұрады. Кітап 2 тілде жарық көрген. Тәуелсіздік шежіресі сияқты жазылған үлкен еңбекте Қазақстан …

Ары қарай оқу