Daily Archives: 9 Қаңтар 2018

ҚОС ДАРЫНҒА ҚОШЕМЕТ

Еліміздің іргелі оқу орны – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі жазушы, кинодраматург, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбай және ақын, журналист, халықаралық «Мәдениет майталманы» медалінің иегері Жұлдыз Тойбектің «Мизам шуақ» атты шығармашылық кеші өтті. Кешті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, университеттегі «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай жүргізді. Кешке елімізге белгілі ақын-жазушылар, профессор-оқытушылар, студенттер жиналды. Бірлестік жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай екі талантты қыздың өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтті. Сөз арасында Айгүлдің ұлылар мекені – Абайдың, Жұлдыздың Қаз дауысты Қазыбек би топырағынан екендігін және екеуінің де Семей полигонының қасіретіне куә болған …

Ары қарай оқу

«АСТАНА» «НИЖНИЙ НОВГОРОДҚА» ЕСЕ ЖІБЕРДІ

  Өз ойынын әлі таппаған «Астана» баскетбол клубы тағы да жеңіліске ұшырады. ВТБ бірыңғай лигасының аясында өз жерінде Ресейден келген «Нижний Новгород» командасын қабылдап, 85:73 есебімен есе жіберді.  Жыл басындағы алғашқы матчтың алғашқы он минуты «Астананың» аздаған басымдығымен аяқталды. Бірақ екінші кезеңде қонақтар 4 ұпай алға ұзады. Одан кейінгі кезеңдерде алаң иелері қанша алға ұмтылғанымен, сәттілік жетіспей, ұшырған доптарын себетке қондыра алмады. «Астана» сапынан ең нәтижелі болғандар – Джастин Картер – 20, Леонидас Каселакис – 14, Энтони Клеммонс – 12, Малькольм Грант – 8, Ларри Гордон – 5 ұпай. «Астананың» …

Ары қарай оқу

КӨЛІКТЕР КӨБЕЙЕДІ

Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза ИГЕНБЕРДИЕВ Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында елорданың қоғамдық көлік саласының  жұмысы туралы баяндап берді. Астана қаласының әкімдігі биылдан бастап қала ішіндегі қоғамдық көліктің тиім­ділігін арттыру мақсатында қосарланған немесе «гармошка» автобустардың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Соңғы мәліметтер бойынша қала тұрғындарының саны артып, қоғамдық көліктің қызметін пайдаланушылар қатары көбейе түскен. Осы жағдайға байланыс­ты жан-жақты талдаулар жүргізілуде. «Күн сайын іші жолау­шыға 90 пайызға толған автобустар бойынша талдау жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – автобус­тардағы жолаушылардың толымдылық көрсеткішін 70-80 пайызға дейін төмендету. Мұндай жағдайда ба­қылаушылардың жұмысы жеңілдейді әрі …

Ары қарай оқу

ДӘРІ-ДӘРМЕК ДАУЫ: ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖАРЫЛҚАЙ МА?

Жуырда теледидардан Франс Стоббелаар деген халықаралық сарапшының «Қазақстанның фармацевтика саласындағы өзгерісі – әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу үшін жасалған қадамы» дегенін естідік. Халық­аралық сарапшының қандай қадамға сүйеніп айтқанын қайдам, бірақ елімізде дәрі-дәрмек дауына әлі нүкте қойылған жоқ. Бұл саладағы шикілікті Президенттің өзі бастап сынға алғаны белгілі. Сонымен, биылдан бастап қолға алынған жаңа жүйе фармацевтика нарығындағы жемқорлыққа тұсау бола ала ма және ел тұрғындарын сапалы дәрі-дәрмекпен қаншалықты қамтамасыз етеді? ДӘРІНІҢ ӨЗІ ЕМЕС, БАҒАСЫ «УДАЙ» Өткен жылдың басында елімізде дәрі-дәрмек дауы жиі көтерілді. Мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, заманауи зауыттар салынса да, …

Ары қарай оқу

ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨЛЕМI ӨСТІ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы – 8 пайыз, базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады. КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымына тағайындалуына байланысты Егемберді …

Ары қарай оқу

ӨЗБЕК ӨЗГЕРІСІНІҢ ӨЗЕГІ НЕДЕ?

Жаңа жылдың қарсаңында ел құлағын елең еткізген елеулі оқиғалардың қатарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің билік тізгінін қолға ұстағалы бері бірінші рет парламентке Жолдау арнағаны болды. Ол Олий мажлисте төрт сағат сөйлеген сөзінде шетел бақылаушылары еріксіз құлақ түрген бірнеше батыл мәлімдемелер жасады. Жолдау республика сотының басында отырған ат төбеліндей басшыларды қатты сынаудан басталды. Сол жиында Жоғарғы соттың төрағасы Козимжон Камилов пен оның екі орынбасары және Жоғары судьялар кеңесінің төрағасы Маруф Усманов президенттің қаһарына ұшырады. «Мен сіздерге мүлде разы емеспін, мұны бүкіл халықтың алдында айтамын. Алдағы үш айдың ішінде төртеуіңізді де қыз­меттен …

Ары қарай оқу

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН 2018 ЖЫЛДЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жүзеге асырылды. Есіл ауданында 2018 жылы 19-28 қаңтар аралығында 8 есептік кездесу өткізу жоспарланған. Осыған байланысты тұрғындарға ыңғайлы болу үшін Есіл ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік желілердегі парақшаларында (Facebook, Instagram) «Есептік кездесулер» айдары құрылды, онда әрбір тұрғын өзекті мәселелер бойынша электронды өтінішін қалдыра отырып, уақытын үнемдей алады. Бұған қоса, қоғамдық орындарда жазбаша өтініштерді жинау үшін 10 жәшік орнатылған. 2017 жылы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардың 10024 …

Ары қарай оқу

ҚЫРАНДАЙ ҚЫРАҒЫ САҚШЫЛАР

Қала тұрғындары ұйқыға батқан кезде, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әскери полиция қызметкерлерінің мойнында. 2014 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының ұсынысымен ашылған 5573 әскери бөлімнің басты мақсаты да сол – бас қаладағы қауіпсіздікті сақтау. Күнделікті Ұлттық ұланның жауынгерлері елордамыздың үш ауданына бөлініп, патрульге шығады. Атап айтқанда, Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарының ішкі істер бас­қармасында сарбаздар арнайы жаттығулардан өткеннен кейін, қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз етуге рұқсат алады. – Астана жылдан жылға өсіп келе жатқандықтан, поли­цияға келіп түсетін ша­ғым да көбейіп отыр. Миллион тұрғыны бар қалада құқық бұзушылықты азайту, қылмыстың алдын алу – …

Ары қарай оқу

БАЛУАН ШОЛАҚ: БІР ҒАСЫРДАН СОҢ

Қазақтың сал-серілік дәстүрін ұстанып, сан қыр­­лы өнерді бір бойына жинақтаған халық композиторы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет) Баймырзаұлы жөнінде осы күндерге дейін аз айтылмай, аз жазылған жоқ. Бұл тарапта, ең алдымен, жазушы Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі еске түседі. Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» еңбегінде де өнерпаз туралы деректер кездеседі. Көрнекті ғалым, этнограф Ақселеу Сейдімбек: «Балуан Шолақ – қазақтың ән өнеріне олжа салған, сөйтіп, өзіндік болмысымен өшпестей із қалдырып, ұлы өнердің өресін биіктетіп, өрісін ұзартқан дара тұлға» деп жазады. Бұған қоса, Балуан Шолақ есімі бірқатар қаламгердің шығармаларына арқау болды. Мәселен, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың …

Ары қарай оқу

«АТАМЕКЕН – ҚАЗАҚСТАН КАРТАСЫ»

Кешегі мен бүгіннің басын біріктіріп, дархан да­ламыз­дың дара болмысын айшық­тап тұрған бұл кешен Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назар­баевтың идеясымен дүниеге келген. 2001 жылы 8 қыр­күйекте ашылған ашық аспан астындағы мұра­жайға еліміздегі көрнекті ғимараттар мен тарихи ескерткіштердің кішірейтілген макеттері орналас­тырылған. Бұған қоса, әр жердің табиғат ерекшеліктері де назардан тыс қалмай, аймақтағы өзен-сулар, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемінен де толық ақпарат алуға болады. ТАРИХ ПЕН ТАБИҒАТ Карта Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жері – Батыс Қазақстан облысынан басталады. 151,3 мың шаршы аумақты алып жатқан кең даланың орманы мен өзен-көлін, ұшы-қиыры көрінбейтін қарт Каспийді, одан Маңғыстаудың …

Ары қарай оқу