Daily Archives: 4 Қаңтар 2018

2018 ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ ЕСІМДЕР

Бір жарым ғасыр бұрын халық композиторы Естай Беркімбайұлы, Құнанбай әулетінен шыққан тағы бір дүлдүл, Абай мұраларын жинақтап, басып шығаруда елеулі еңбек сіңірген Кәкітай Ысқақұлы, қоғам қайраткері Серәлі Лапин дүниеге келді. Қазақтың алғашқы романдарының бірін жазған Спандияр Көбеевтің, Сыр бойындағы жыр­шылық өнердің белді өкілі Шораяқтың Омарының, халық композиторы Тайжан Қалмағамбетұлының – 140, қазақ әнін Парижде әуелеткен Әміре Қашаубаевтың, Алаш қайраткері Халел Ғаббасовтың 130 жылдықтары биылға дөп түсіп тұр. Көрнекті мемлекет қайраткері Михаил Есенәлиев, театр және кино актерлері, ҚазКСР халық әртістері Кененбай Қожабеков пен Нұрмұқан Жантөрин, ақын, Қазақстанның халық жазушысы Ғафу Қайырбеков, драматург …

Ары қарай оқу

ҮЗДІК ОЙЫНШЫЛАР ДОДАСЫ

Құрлықтық хоккей лигасының үздік ойыншылары 10 қаңтар күні Астанада бас қосады. Хоккей сүйер қауым тағатсыздана күтіп отырған танымал ойыншылардың тартысы елімізде алғаш рет өтеді. «Хоккей жұлдыздары аптасына» 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Олар 4 командаға бөлініп, өзара мықтыларын анықтайды. Бұл додада «Барыс» командасының сапынан Найджел Доус, Кевин Далман және Линден Вей ойнайды.

Ары қарай оқу

«БӘЙТЕРЕК» МОНУМЕНТІ

Астананың бойтұмары Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды. Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты. Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті …

Ары қарай оқу

АҚИҚАТТЫҢ АҚ ЖОЛЫНАН ТАЙМАДЫМ

Міне, қаңтардың алғашқы табалды­ры­ғын аттап, қызық-қуа­нышқа толы жаңа жылды қарсы алдық. Биыл да жаңалыққа толы оқиғалар көп. Жыл жақсылықпен басталды. Ертең Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы, Қазақстан Президенті сыйлығының және Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың алғашқы иегері Ержұман Смайыл жетпіс жасқа толады. Ардақты азаматтың бар ғұмыры баспасөзге арналды. Осы жолда қазақтың талай тұғыр­лы тұлғаларымен қатар еңбек етіп, өнеге алды, өзі солар көтеріл­ген биікке шықты. Ер-ағаңның өмір жолы – қалам ұстап жүрген кейінгі жас буынға үздік үлгі. Біз мереке тұсында мерейтой иесіне сәлем бере барып, әсерлі әңгіме өрбіткен едік. …

Ары қарай оқу

ШЕЖІРЕДЕН СЫР ШЕРТЕДІ

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Тарих таңдаған Астана» атты көрме ашылды. Кітап көрмесі елордасы – Астананың 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Іс-шараның мақсаты – елордамыз Астананың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін баяндайтын басылымдарды топтас­тырып, оқырмандарға ұсыну. Сол арқылы 1998 жылы Астана мәртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы келбетін насихаттау. Осы ретте көрмеге қойылған Астананың қалыптасу кезеңдерін бейнелеген суреттер, кітаптар, мерзімді басылымдар жариялым­дары келушілердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.

Ары қарай оқу

ҚАЗАҚСТАН – ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕ

Қазақстан биылғы жылдың 1 қаңтарынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы қызметін бастап кетті. Ол жылдың ең соңғы күніне дейін созылады. Қаңтардың 2-сінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше елдердің өкілдері төрағаның осы айға белгіленген жоспарын қарап, қабылдады. Бұрнағы күні сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесіне кірмейтін мемлекеттер, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне брифинг берілді. Қазақстан алдыңғы жылғы 29 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне сайланған еді. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың үндеу жариялап, тәуелсіздіктің 25-ші жылында қол жеткен табысты оқиғаны ерекше атап көрсеткен. Енді Қазақстан жаһандағы …

Ары қарай оқу

АСТАНАДА ӨМІР СҮРУ – БІР БАҚЫТ

Тәуелсіз ел ретінде Қазақстан биыл 27 рет жаңа жылды қарсы алып отыр. Егемендікке қол жеткізген алғашқы кездері еліміздің жеке-дара мемлекет болатынына күмәнданғандар аз болмап еді. Бірақ талай қиындықты артқа тастаған Қазақстан – бүгінде дамушы елдердің көшін бастап келе жатқан мемлекет. Ал әр мемле­кеттің айнасы ол – астанасы. Ел астаналарының тыныс-тіршілігінен-ақ сол мемлекеттің даму қарқынын байқауға болады. Бұл тұрғыда мен біздің Астананы «жер жүзінің шарайнасы» деп есептеймін. Себебі елордамыз «ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмесі, әлемдік дінба­сылар кеңесі сияқты небір жоғары деңгейлі халықар­а­лық айтулы шаралар, үлкен басқосулар өтетін ордаға айналды. Мұның бәрі – тек …

Ары қарай оқу

ТАҒДЫРЛЫ ТАРИХ

Биыл байырғы Ақмоланың жаңарған Астана болғанына 20 жыл толғалы отыр. Жалпы, Астананың тарихы туралы айтқанда, астана орнаған қаланың тарихын ешуақытта ұмытуға болмайды. Өйткені тамыр сол жақта жатыр. Мәселен, бұрын астана болған Алматыны айтқанда, Алмалықтан бері тартамыз. Ал Ақмола-Целиноград – Қараөткелдің арғы тарихы өте қалың және өте тағдырлы тарих. Мұнда қым-қиғаш неше түрлі оқиғалар өткен. Ол оқиғалардың бәрі осы өңірге ғана тән емес, бүкіл қазақ халқына ортақ, ел тарихымен ұштасып жатыр. Қазақтың ең алғашқы бүкіл елді қамтыған ұлт-азаттық көтерілісі  осы жерден басталған. 1832 жылы патшалы Ресей Ақмолада, қазіргі Қажымұқан Мұңайтпасов стадионының …

Ары қарай оқу

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ

Биыл Астанаға 20 жыл толады. Осы бағытта біздің газет «20 жылдың 20 сәті» деген жаңа айдар ашты. Онда бас қала шежіресіндегі елеулі, маңызды сәттер сөз болады. Соған орай елордаға еліміздің мемлекеттік рәміздері қалай жеткізілгені жайында қалам тартуды жөн көрдік. Адам өмірінде бір ұмытылмас сәттер болады. Менің есімде, сондай сәттердің бірі – Ақмоланың Астана болып жарияланғаны. Ол кезде мен қаладағы ауыл шаруашылық институтының 2-курсында оқимын. Шағын шаһардың бас ордаға айналған оқиғасының куәсі болдым. Алдымен Арқа төсіндегі қалаға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері: Мемлекетті Ту, Елтаңба және Президент Штандарты жеткізілді.   Жә, бәрін басынан тізбелейік. …

Ары қарай оқу

ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен еліміз тарихында тұңғыш рет «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылды. Қаржы орталығы 1 қаңтардан бастап қызметіне кірісті. «Астана» қаржы орталығы тәуелсіз қаржылық соты мен ағылшын құқығы қағидаттарына және жеңілдетілген салық режіміне сәйкес құрылған. Елорданы халықаралық және аймақтық бизнес хабқа айналдыратын орталық – Азия елдері, Кавказ республикалары, Еуразиялық экономикалық одақ, Таяу Шығыс елдері, Батыс Қытай аумағы, Моңғолия мен Еуропа елдеріне қызмет ететін қаржылық хаб. Заманауи инфрақұрылым мен озық технологияларды пайдалануды көздейтін қаржы орталығы «ЭКСПО-2017» аумағында орналасқан. Бүгіннің өзінде шетел мемлекеттерінің көптеген инвести­ция­лық, брокерлік компания­лары мен қаржы-банк …

Ары қарай оқу