Daily Archives: 14 Желтоқсан 2017

Дәрігер мен дәрі жайы айтылды

Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесінің даму мүмкіндіктері мен халыққа медициналық қыз­мет көрсету жағдайы қоғамдық тыңдауда талқыға салынды. Ұлт денсаулығын нығайту мақсатында көптеген реформа жасалса да, түйткілі көп мәселелер әлі де жетерлік. Солардың ең өзектісі деп көпшілік дәрігерлердің жалақысын айтады. Елордадағы жалпы практика дәрігерінің еңбекақысы мәскеулік әріптестерінің жалақысымен салыстырғанда 6 есе аз болып шықты. Еңбек өтіліміне қарай 45 мың теңгеден басталып, 140 мың теңгеге дейін баратын дәрігер жалақысы халыққа медициналық қызмет көрсетуге әсер ететіні белгілі. Тағы бір толық шешімін таппаған мәселе – стационарлық емхананың тапшылығы. Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы …

Ары қарай оқу

«ЖАСАУЫЛ» ТАҒЫЛЫМЫ

Астана қаласының Жастар театрында жазушы-драматург, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаныш Құлмамбетовтың «Жасауыл» әфсанасының премьерасы өтті. Көрермендер жаңа қойылымды аталмыш театр сахнасынан бүгін де тамашалай алады. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев. «Шығарма Шекспирдің тілімен жазылды. Мұнда ұшы-қиыры жоқ шеңбердегі өмір сипатталады. Автор «Сол шеңберден қалай шығамыз?» деген сұрақты алдымызға тартады. Қойылымда, негізінен, қазір алыс-жақын шетелдерде болып жатқан жағдайлар туралы айтылады» дейді режиссер. Боламыз ба, жоқ әлде бордай тозамыз ба? Қойы­лымның астарында осы сауал жасырынған сияқты. «Әр сыпыртқы өзінше сыпырады» демекші, әр билеу­ші таққа отырғанда жаңа …

Ары қарай оқу

ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ШЫНДЫҒЫ ҚАНДАЙ?

«Астана» концерт залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шыңғысхан» музыкалық театрландырылған қойылымы өтті. Ұлы қаған, қолбасшының туғанына 855 жыл толғанына арналған қойылымға Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы мен Қаллеки театрының ұжымдары қатысты. Аталмыш жобаны ҚР еңбек сіңірген қайраткері, елордалық филармонияның бас директоры-көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов ұсынды. Қоюшы режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Сценарийін Қарлығаш Нүркенова, Гаухар Ержанова және Маржан Мырзабекова жазды. Ал Шыңғысхан бейнесін Жанқалдыбек Төленбаев сомдады. Қойылымда әлемді жаулау­шының туғанынан бастап әрі қарай сыр тарқатылады. Анасы Оэлунның бейнесінде Гүлназ Балапанова көрінеді. «Ес кіріп, ақыл тоқтатқан кезден бастап …

Ары қарай оқу

Таңдау құқығы: ҚДКБҚ бірыңғай депозиттік порталды іске қосты

www.deposit-kdif.kz депозиттік порталы коммерциялық мақсатты көздемейді, Қор қызметкерлері мұның салымшыларға коммерциялық банктер ұсыныстарына қатысты дұрыс таңдау жасауына көмектеседі деп есептейді. Өткен аптада Алматыда «Қазақ­станның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКБҚ) өзінің жаңа жобасы, яғни жеке тұлғалардың депозиттері бойынша бірыңғай шоғырландырылған мәліметтер базасының тұсауын кесті. Бұл қолданушыларға банктік қызмет көрсету нарығындағы ұсыныстар ішінен өзіне ыңғайлы депозит таңдауына мүмкіндік береді. Қызмет көрсету «Депозиттік портал» деп аталады, оған депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары – 30 банктің ҚДКБҚ-на есеп беру негізінде қалыптасқан мәліметтері енгізілді. ҚДКБҚ порталдың тек қана ақпа­раттық мақсатта ашылғанын атап өтеді: ҚДКБҚ …

Ары қарай оқу

ИЕРУСАЛИМ ИЗРАИЛЬ ИЕЛІГІНЕ ӨТЕ МЕ?

АҚШ президенті Дональд Трамп 6 желтоқсан күні Иерусалим қаласын Израильдің астанасы деп атап көрсетті де, сол бойда Американың Тель-Авивтегі елшілігін осында көшіріп әкелуге бұйрық берді. Трамптың бұл мәлімдемесі әлем қауымдастығы арасында демде дүрлігіс туғызып жіберді. Палес­тинаның ХАМАС тобының басшылары араб әлемін Израильге қарсы үшінші интифад, яғни көтеріліс жасауға шақырды. Қазір Вашингтон қожайыны мәлімдемесіне қарсы шығушылар қатары күн санап көбейіп келеді. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған 11 желтоқсан күні билеуші «Әділдік пен даму» партиясының отырысында Израильді «террорлық мемлекет» деп атады. Түрік лидері: «Біз Иерусалимді басқыншылық пен қырып-жоюдан басқа құндылығы жоқ мемлекетке …

Ары қарай оқу

АКАДЕМИК БАЙЗАҚОВ

Журналистика мамандығының басқа кәсіпке қарағанда бір ерекшелігі бар, ол – редакция тапсырмасымен, кейде жеке өзінің ой-ниетімен халық қадірлеген тұлғалардан сұхбат алып, сол кісілермен жақын таныс болуға себеп туады. Өз басым, осындай аузы дуалы ақсақалдардан бастап, ұлтқа жан-тәніммен қызмет істеп жүрген көптеген ағалармен жақын әңгімелестім. Сондай азаматтардың бірі – бүгінде сеңгірлі сексенге жас жігіттей сергек қалпымен келіп отырған, елімізде экономикалық-математикалық әдістер мен модельдерді пайдалануды дамытудың негізін қалап, осы бағытты үлкен мектепке айналдырып, бірегей буын қалыптастырған, халықаралық ақпараттандыру және менеджмент академиясының академигі, Оксфорд халықаралық академиялық одағының мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Сайлау …

Ары қарай оқу

ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ – «ЖЫЛ АВТОРЫ»

Швеция астанасы Стокгольм қаласында өткен VI «OEBF-2017» әдебиет фестивалі мен кітап форумы байқауында жазушы-драматург Ермек Аманшаев «Тәубе» кітабы үшін «Жыл авторы» атағына ие болды. Фестиваль бағдарламасы аясында сан алуан шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, конкурсқа қатысушылардың кітаптарын оқу, видеофильм­дер конкурсына қатысатын жұмыстармен танысу, фес­тивальдің құрметті қонақтарының кітаптарының тұсаукесері, фильм көрсетілімдері және конкурсқа қатысушылармен кездесулер ұйымдас­тырылды. Фестивальде 20 елдің 300 қатысушысы бақтарын сынады. Конкурсқа орыс, ағылшын, қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен және әзербайжан сияқты сегіз тілдің бірінде жазылған шығармалар қатысқан. Автордың бұл кітабы қазақ авторларын іздеп оқитын Швецияның Халықаралық кітапханасына және …

Ары қарай оқу

БАЛАЛАР ҚЫЛМЫСЫ ҚАЛАЙ АЗАЯДЫ?

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуды жаңарту жобасының бірінші кезеңіне 50 мыңнан астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері тартылған. Ал жақында жобаның жетістіктері мен кемшіліктерін оған қатысқан ведомство басшылары мен ғалымдар қорытындылады. Астана қаласының прокуроры Марат Дембаев жасөспірімдер арасында қылмыстың санын азайту үшін оның алдын алуға жастардың өзін тартқандарын айтты. Қалалық статистика мәліметтеріне сенсек, «заңға қайшы әрекеттерге көбінесе тұрмысы нашар отбасылардың балалары барады» деген пікір шындыққа жанаспайды екен. «Былтыр астаналық жас­өспірімдер жасаған 206 құқық бұзушылық тіркелген еді, бұл 2014-2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Жастардың басым көпшілігі ұрлыққа барып жатады. …

Ары қарай оқу

ПОЛИЦИЯ ЖҰМЫСЫ ҚАРБАЛАС

Кеше Астана қаласының Жергілікті полиция қызметі басшылығы Қазақстан Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес халықпен есеп беру кездесуін өткізді. Алқалы жиынды Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов ашып, жүргізіп отырды. Қала тұрғындарымен есеп беру кездесуде Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев «Жергілікті полиция қызметінің 2017 жылы атқарған жұмыстары туралы» есеп берді. Күні-түні тынбайды Бүгінгі таңда қаланың Жергілікті полициясы қызметінде бір мың бес жүз адам жұмыс істейді. Тұрғындар санының жылдан-жылға өсе түсуіне байланысты қызметкерлердің жетіспеушілігі айқын аңғарылып отыр. Бір учаскелік инспектор талап бойынша 250-300 адамға қызмет көрсетуі керек болса, …

Ары қарай оқу

Ақселеу аманаты

Көбіне санамызға сия бермейтін құдірет сырын тар түйсікпен түйіндей салатынымыз бар. Осындайда өмір жалғастығын өзінше өрген, әсіресе, көне қазақ мәдениетінің жаңа мыңжылдықтағы жалғасының жаршысы болған Ақселеу аға еріксіз ойға оралады. «Мың бір маржанды» мамырлатып, «Күй шежірені» күмбірлеткен, рухани мол мұраларымызды, тамырын кеңге жайған асыл қазыналарымыздың қадірін жете білген кемеңгер туындыларымызды кілемше тоқып, өрнектей өріп берді емес пе?! Қай шығармасында да қазақтың ерекше қасиетін құбылтып, әруақ қонғандай арқалана жазған ағамыз бүгінде арамыз­да жоқ. Бірақ ол ұлт мүддесі дегенде өгіз қара күшін көрсетіп, жетпеген жерін ізінен ерген қараларына сеніп тапсырып кетті. Бұл …

Ары қарай оқу