Daily Archives: 9 Желтоқсан 2017

Тәуелсіздік тұмары

Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде Аста­наның 20 жылдығына арналған «Астана – Тәуелсіздіктің бой­тұмары» атты мерекелік кеш өтті. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген шара барысында Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров атындағы арнайы сынып ашылды. Тоқтар Оңғарбайұлы бұл мектепке жиі бас сұғатын құтты қонақтардың қатарына жатады. Қашан көрсең оқу­шылармен кездесіп, оларға бағыт-бағдар беретін тәлім-тәрбиесі мол кештерге қа­тысып жүреді. Ғарышкер бол­сам деп армандайтын мектептегі оқушылардың да қарасы көп. Бұл жолы да ғарышкерше киінген 9 оқушы ұшқышты қарсы алып, өздерінің армандарын жеткізді. «Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер болу, әрине, мен үшін үлкен …

Ары қарай оқу

ҒАЛИ ҒИБРАТЫ

Биыл қазақ әдебиетіне ХХ ғасырдың соңғы ширегінде келіп, қазақ поэзиясының қалыптасуына, дамуы­на, өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан ақынның бірі Ғали Ормановтың туғанына 110 жыл толды. Қаламызда ақынның атында іргелі білім ошағы – №7 мектеп-гимназиясы бар. Қаншама уақыттан бері белгілі ақынның жырын насихаттап, оқушыларға рухани байлықты насихаттап жүретін бұл ұжым биыл да артында айрықша ізін қалдырған Ғали Ормановтың өмірі мен шығармашылығына арналған керемет кеш өткізді. «Жастар» театрындағы әдеби-сазды шығармашылық кешке тектінің тұяғы, жалғыз қызы Жәмиға Орманова мен немерелері қатысты. Еске алу кеші мектеп мұра­жайындағы ақынның тұтынған дүниелері, тарихи экспонаттар мен кітап­тары қойылған …

Ары қарай оқу

ӘУЕЗОВТІҢ ҚАБДОЛОВЫ

Абайдың Шәкәрімі өз ұстазының өлең өрнегін үйрене насихаттап, даналық пәлсапасын тарқата түсіндірді. Қазақтың Ақыл алыптарының бірі ретінде ешқашан ортаймас қазына қалдырды. Сүйінбайдың Жамбылы ғасырлар қойнауынан түп тарт­­қан эпикалық сарынды, қаһар­мандық рухты ХХ ғасыр­дың бел ортасына дейін жеткізді. Ұлттық поэзияның жүз жасаған бәйтерегі бейнесінде заңғарланды. Құрманғазының Динасы күй атасының батасын алып, исі қазақтың арқалы өнерпазына айналды. Ғажайып дарынымен ел музыкасын шырқау белеске көтерді. Құдайға шүкір, қазақ руханияты, оның ішінде сөз өнері саласы мұндай мысалдардан кенде емес. Ақырын жүріп, анық басқан ұстаз-профессор Бейсенбай Кенжебаев қазақ әдебиеттануына Мырзатай Жолдасбеков, Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғали, …

Ары қарай оқу

Болат ҰЗАҚОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ КЕЛГЕН КҮН

– 10 желтоқсан – еліміз үшін маңызы ерек­ше тарихи күн. Бір қаладан екінші қала­ға, қыс­тың көзі қырауда астананы кө­шіру ­­оңай емес. Оның үстіне ол уақытта за­манның өте тар ­ кезеңіне тап келдік. Астана түгіл, адам­ның қоныс аударуы мұң болатын. Мысалы, өзім Талдықорғаннан сол кездегі Ақ­мо­ла­ға он ойлана, жүз толғана әрең көш­тім. Осында Қазақстанның халық әртісі, Қ.Қуанышбаев атын­дағы мемлекеттік ака­де­миялық Қа­зақ музыкалық драма театрының сол уа­қыт­тағы көркемдік жетекшісі Қадыр Жетпіс­ба­ев­тың шақыруымен келген едім. 1997 жылдың 1 тамызында Қаллеки театрын­дағы жұмысыма кірістім. Қыркүйек айынан бастап астана көшіне дайын­дықты бастадық. Алғашқы сценарийлері жазылып, …

Ары қарай оқу

Әннің жаңа ғұмыры

1997 жылдың 10 желтоқсаны елордасы Алатау баурайынан Арқа төсіне көшірілген күн ретінде тарих бетіне таңбаланды. Осы күні Жастар сарайында өткен салтанатты шарада ақын Жеңіс Қашқынов сөзін жазған, композитор Тілеуғали Қышқашбаевтың «Астана жыры» әнінің тұсауы кесілді. Әнді шырқау Ақжол Мейірбеков пен Баян Есентаева жұбының еншісіне тиді. Алайда бұл туынды ел құлағына Ресейдің «На-На» тобының орындауында жетті. Кейіннен өлең авторы заман көшіне лайық мәтінге өзгеріс енгізген екен. Таяуда жаңа мәтінді ақынның ұлы Ернат Қашқынов тауып, біздің басылымға жіберді. Тақырыбы «Бас қалам – Астанам» болып өзгерген туындыны алғашқы түпнұсқа мәтінімен қосып, оқырман назарына …

Ары қарай оқу

ШАҺАР ШЕЖІРЕСІНЕН СЫР ШЕРТЕДІ

Астана қаласының мемлекеттік мұрағатында ел астанасының Алматыдан Ақмола қаласына көшуіне 20 жыл толуына арналған «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты фотодеректі көрме ашылды. Желтоқсан айының аяғына дейін жалғасатын көрмеге осы тарихи оқиға жайлы сыр шертетін құжаттар, елорданың даму кезеңдерін бейнелейтін фотодеректер жинақталған. Олардың дені көпшіліктің назарына алғашқы рет ұсынылып отыр. Астананы Алатау баурайынан Арқа төсіне көшіру идеясын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың 6 шілдесі күні ҚР Жоғарғы Кеңесінің жалпы отырысында ұсынғаны белгілі. Қаланың мемлекеттік мұрағатының құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақыт Балтабаеваның айтуынша, бұл ой Елбасыға тосыннан келмеген. «Ел …

Ары қарай оқу

ЖӘНІБЕК КӘРІБЖАНОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: АСТАНАНЫ АУЫСТЫРУ БАТЫЛ ШЕШІМ БОЛДЫ

«Арғымақ атқа міндім деп, артқы топтан адаспа!» деген Асан қайғы бабамыз. Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов – түрлі лауазымды қызмет атқарса да, азаматтығы мен әділдігінен таймаған тұлға. Байыппен жүріп, парасатты іс бітірген. Оны біреу білер, біреу білмес. Мәселе онда емес. Жақсылар жүрген жолды ешқашан арам шөп баспайды. Ел құрметтеген қайраткердің саналы ғұмырында талай белесті бағындыр­ған өз сүрлеуі бар. Оған үңілген жан қызығып қарайды. Біз де бір сәт соған назар аударып, ағамен кең отырып көпке ой салар, жастарға бағыт берер әңгіме өрбіттік. ОТЫЗ КӨШЕНІҢ АТЫ ӨЗГЕРДІ – Сөздің басын елдің төрі – елордадан …

Ары қарай оқу

КӘСІПКЕРЛІК КӨШІН БАСТАП ТҰР

Бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлерді бағалаудың жаңа рейтингінде Астана қаласы жеңіске жетті. Бұл тұрғыда Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова «Елорда тынысы» радиохабарында қонақта болып, елордадағы кәсіпкерліктің дамуы инвестициялық саясат, смарт-қала, цифрландыру тақырыптарын қаузап, бас қаладағы жүзеге асып жатқан және болашақтың еншісіндегі бірқатар жобалар жайлы әңгімеледі. БИЗНЕС ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ Әңгімесінің әлқиссасында қазіргі уақытта елордада 316 мың адамның бизнеспен айналысатынын айтқан Малика Бектұрова Астана кәсіпкерлік саласы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда көш бастап тұрғанын атап өтті. – Астанада Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық бар. Сол орталықта бизнес бастаушылар кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттің қандай бағдарламалардың …

Ары қарай оқу

АСТАНА БАРШАНЫ БАУЫРЫНА БАСТЫ

«Қоғамдық сананы жаңғырту – қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізі» тақырыбында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы өтті. ҚХА басқарушы органы – сессия жұмысын қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев жүргізіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып өтті. – 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға арналған кешенді шараларды жүзеге асырдық. Әсіресе, бас қаламыздың тарихи-мәдени ескерткіштерін біріктіретін «Қазақстанның киелі картасы» жобасы қызығушылық танытты. Көп шаралардың ішінен «Бозоқ» ғылыми-мәдени экспедициямызды бөліп айтар едік. Өткен жазда белгілі елордалық ғалымдар мен ассамблея мүшелері бірге көне қаланың орнына барып, атқарылуға тиісті жайттардың жайын анықтаған болатынбыз. Бүгінде осы бір көне …

Ары қарай оқу

МЕРЕКЕЛІК МАРКА

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында бас шаһардың 20 жылдық мерейтойына орай елорданың көшуіне арналған пошталық марканың таныстырылымы болды. – Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1997 жылы 10 желтоқсанда елордамыз ресми түрде Астанаға көшірілді. Сондықтан да бұл – тарихи мәні зор, ерекше күн. Елбасының жарлығымен Сарыарқаның төрінде жаңа қала пайда болды. Мұны ғасырлық жоба, ұлттық идея деп айтуға болады. Астана – ел экономикасын өрге сүйреген локомотивке айналды. 20 жылда шаһар адам танымастай өзгерді. 300 мың тұрғыннан халық саны бір миллионға жетті. Көптеген іс атқарылды. Әлі де алдымызда жүзеге асыратын қыруар жұмыс тұр. …

Ары қарай оқу