Daily Archives: 5 Желтоқсан 2017

ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Ресейдің Белоярский қаласында Социалистік еңбек ері Фарман Салмановқа арналған Мұнайлы мемлекеттердің XV Әлем кубогы аяқталды. Бұл біріншілікте бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алты медаль түсті. Оның екеуі – алтын, екеуі – күміс, екеуі – қола жүлде. Турнирге 17 мемлекеттен 100 спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде елдің атын қыздардың арасынан Римма Волосенко мен Алина Тұрлыбаева шығарды. 60 кг салмақта алтыннан алқа таққан Римма – Астана қаласы әкімдігіне қарасты Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы. Ал Алина 52 кг дәрежеде күміс жүлдегер атанды. Спортшының жаттықтырушысы, Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы …

Ары қарай оқу

АСТАНА БІРІНШІЛІГІ АЯҚТАЛДЫ

Футболдан әуесқойлар арасындағы Астана біріншілігінің жазғы маусымы қорытындыланды. Еліміздің бас стадионы «Астана-Аренада» марапаттау рәсімі өтіп, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған топ жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға медальдар мен кубоктар табыстады. Мамыр айында басталған біріншіліктің ойындары «Астана-Арена» және «Тарлан-Арена» стадиондарында өтіп, оған 17 команда қатыс­ты. Бірінші кезеңнен кейін турнир кестесінде жоғары орындарға орналасқан сегіз команда іріктелді. Турнирдің аяқталуына төрт тур қалғанда бас кубоктан алты команда үмітті еді. Алайда қысқы маусымның чемпионы «Достар» командасы бір тур қалғанда басты бәсекелестерінен жеткізбестей ұзап кетті де, мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал екінші орын Астана …

Ары қарай оқу

ӘКІМ КУБОГЫ ИЕСІН ТАПТЫ

Әуесқой футболдан Астана қаласы әкімінің кубогы мәресіне жетті. Алты айға созылған бұл турнирге 17 команда қатысты. «Астана-Арена» стадионында өткен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев және Астана қаласы футбол федерациясының президенті Лашын Аймағамбетов қа­тыс­ты. Әкім кубогын финалда көптің ішінен қара үзіп шыққан №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы мен осы турнирдің былтырғы жеңімпазы «Зенит» командасы сарапқа салды. Қос команданың осалы жоқ. Екеуінің құрамында да бұрын кәсіби деңгейде доп тепкен мықтылар баршылық. Өте тартысты өткен матчтың басында өскемендік …

Ары қарай оқу

ЖАСТАРДЫ ЖИНАҒАН «ЖАҢА БЕЛЕС – 2017»

Тәуелсіздік сарайында тұңғыш рет «Жаңа Белес – 2017» жастар балы өтті. Оған Астанадағы жоғары оқу орындары мен колледждердің екі мыңға жуық студенті қатысты. Шараны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Алдымен сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиа­лы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев жастарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жастарға сәттілік тіледі. Олар Астана тек ғимараттарымен ғана емес, жастарымен де көрікті екенін атап өтті. «Астана әкімі Әсет Исекешев қала жастарының идеяларын, ұсынған жобаларын әрқашанда қолдауға дайын. «Жаңа белес-2017» балы біздің «А14» жобасы …

Ары қарай оқу

ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрында халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясының премьерасы үш күн бойы аншлагпен өтті. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов сахналаған спектакльді көруге үлгермегендер оны 10 желтоқсан күні аталмыш театрдан және 14 желтоқсанда «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы Энергия Холлдан тамашалай алады. «Шәмші мұхит сияқты. Оның қыры да, жыры да, сыры да мол. Біз тек бетін қалқып, ән әлемінің азғантай шоғырын ұсындық. Мұны Шәмші туралы таусылмайтын драманың басы деп түсініңіздер. Жалпы композитор жөнінде бұрын да жазылған, әлі де жазыла береді деп ойлаймын. …

Ары қарай оқу

ПРЕЗИДЕНТ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік тұрғыда ауыр, тағдыршешті кезеңде тұңғыш рет бүкілхалықтық сайлау өтіп, соның қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан тарихында Тұңғыш Президент болып сайланды. Бұл сайлауға халық өте белсене қатысты. Себебі ел тұрғындары өз өмірінің де, елдің жағдайының да жақсарғанын қалады. Осылайша, тұңғыш жетекшілеріне сенім артты. 1 желтоқсан Қазақстан тарихында мемлекеттің бірінші басшысының бүкілхалықтық сайлауы өткен күн ретінде мәңгіге сақталып қалады. Сондықтан да дәл осы күнді еліміз Тұңғыш Президент күні ретінде атап өтеді. Айта кетерлігі, бұған дейін мемлекет басшылары коммунистер съезінде сайланып келген, …

Ары қарай оқу

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖЕМІСІН БЕРЕ МЕ?

Астанада халықаралық деңгейдегі медицина, білім беру мекемелері және сол жағалауда заманауи үлгідегі сауда алаңы, яғни үлкен базарлар салынады. Бұл туралы «Елорда тынысы» радиохабарында мәлім болды. СОЛ ЖАҒАЛАУДА ІРІ БАЗАРЛАР САЛЫНАДЫ «Елорда тынысы» радиоха­барының кезекті қонағы бол­ған «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Бас­қарма төрағасының орынбасары Бауыржан Канкин мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры, Астана қаласы әкімінің инвестиция жөніндегі кеңесшісі Мәдина Көкбаева инвестициялық климат тақырыбын қаузап, елордадағы жүзеге асып жатқан және болашақтың еншісіндегі бірқатар жобалар жайлы әңгімеледі. «Astana» ӘКК ҰК» АҚ Бас­қарма төрағасының орынбасары Бауыржан Канкиннің айтуынша, елорданың сол жағалауында екі базар …

Ары қарай оқу

МЕРЕКЕДЕ 81 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні Астана қаласының үш перинаталдық орталығында 81 сәби дүниеге келді, оның 38-і – ұл, 43-і – қыз. Осынау күні елордада өмір есігін ашқан алғашқы баланың есімін ата-анасы Нұрсұлтан деп қойды. Астананың ең кішкентай тұр­ғындарына құрмет көрсеті­ліп, олардың ата-аналарына қала әкі­мінің атынан сый-сияпат тапсырылды. Бұл күні тәуліктің бірінші жартысында Есіл ауданының әкімі Ермағамбет Бөлекбаев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров және олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина, тележүргізуші Айсұлу Рыспанова №1 перинаталдық орталығында болып, босанған жас аналарды құттықтады. Аталмыш орталықта осы күні …

Ары қарай оқу

Астана дарындары анықталды

Тұңғыш Президент күнінде Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана дарыны – 2017» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған додаға 14-29 жас аралығындағы 200-ден аса үміткерден өтініштер келіп түскен. Нәтижесінде, қатысушылардың арасынан 15 аталым бойынша үздіктер анықталды. Жүзден жүйрік шығып, көптің ішінен суырылып шыққан жас­тарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Сма­ғұл, белгілі спортшы Серік Сәпиев марапаттады. Байқауда ғылым, үкіметтік емес ұйым, театр, қоғамдық қыз­мет, спорт, журналистика, жас кәсіпкер, жыл еріктісі, әлеуметтік саланың үздік қызметкері, эстрада, жыл студенті, кино, үздік мемлекеттік …

Ары қарай оқу

АСТАНА – ИННОВАЦИЯ ҚАЛАСЫ

Кеше «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың бизнес қоғамдастығымен кездесті. Жиын барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті, дербес медицинаны, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды қаржыландыру, бизнеске инвестициялық ұсыныстар жайлы айтылды. – Кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қоғамдастығының барлық бастамаларына қолдау көрсету жағынан Астана – көшбасшысы қалалардың бірі. Сондықтан медицина, спорт, мәдениет, коммуналдық шаруашылық сияқты қай сала болмасын, кәсіпкерлерге бизнестің жаңа мүмкіндігі ұсынылып отыр. Алдымен Астанада тәжірибе жүзінде іске асқан жобалар артынша республиканың барлық өңірлерінде де қолданысқа енгізіледі. Бұл тұрғыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – маңызды сала, – …

Ары қарай оқу