Monthly Archives: Желтоқсан 2017

ӨТТІҢ, ДҮНИЕ…

Өтіп бара жатқан жыл қазақ жұртында жан жадырататын жақсы жаңалықтар аз болған жоқ. Сонымен бірге, көңілге кірбің түсіретін оқиғалар да кездес­ті. Уақыттың осы бедерлі белесінде еліміздің бірқатар белді азаматтары бұл өмірдегі сапарларын аяқтап, бақилыққа аттанып кетті. Диірменнің тасындай шыр айналған дүние осылайша бұл жалғандағы дәм-тұздары тау­­сылған пенделерді жолай шығыршықтың бойынан шығарып тас­тап жатады. Өйткені бұл – өмір. Әйгілі Шал ақын «Алладан шыны­менен жарлық келсе, жұлдыз да жерге түсер аспандағы» деп жыр­ла­ғандай, фәнимен қош­­тасу рәсімі оларға осы белес бедеріне сәйкес келіпті. Қазір жыл мен жыл алмасып жатқан шақ­та бұл кісілерді тағы …

Ары қарай оқу

ДҮЛДҮЛ ДИМАШ

Биыл өзінің әсем дауысын, тума талантын, ерекше көркемдігін көрсетіп, тап-таза, мөп-мөлдір өнерді паш етіп жүрген Димаштың айы оңынан туды. Бұл жылы жұлдызы жарқырап, аты әлемге әйгілі болған жас қыран миллиардтарды шын мәнінде мойындатты. Жас болса да мемлекеттік масштабтағы салтанатты концерттер мен ән кештерінен көрініп жүретін талант Қытайдың Чанша қаласында өткен «I am а Singer-2017» байқауында әлемді аузына қаратты.   Өнердегі кеңістікте шекара болмайды. Осы байқаудан кейін Димаш Құдайбергеннің есімі елінің абыройына жұмыс жасай бастады. Қазақ қатты қуанды. Шабысты жүйрік атты сейілтер белдеуде, жабу астында тұрғанда таниды. Көздері көріп, көңілдеріне түйгенін …

Ары қарай оқу

МАСЛЯКОВ «СПАРТА НОМАДТЫ» МОЙЫНДАДЫ

2017 жыл КВН ойындарында 17 жыл бойы өнер көрсетіп жүрген «Казахи» мен олардың ізін жалғаған «Спарта Номад» командасы үшін жемісті болды. Мәскеуде өзге ұлттың арасында қазақы қалжыңымен көзге түскен командалар финалға төрт рет ілігіп, бірі Жазғы кубоктың жеңімпазы атанса, екіншісі – екі бірдей жүлде – Голосящий КиВиН мен КВН Жоғары лигасының кубок иегері атанды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар клубтың жазғы маусымы осы жолы Астанада өткізіліп, әлемдік маңызы бар «ЭКСПО-2017» халық­аралық мамандандырылған көрмесіне тұспа-тұс келді. Бүгінде біз «КВН» мектебінен шыңдалып шыққан Тұрсынбек Қабатов, Нұрлан Қоянбаев, Даут Шайхисламов, Гүлнәр Силбаева, Малик …

Ары қарай оқу

КӨБЕЛЕК ҚАНАТЫНАН ШЫҚҚАН ДЫБЫС

Өтіп бара жатқан жылы 30 жасында қазақ поэзиясы аспанында жұлдыздай ағып өткен аса көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 80 жыл толды. Ақынның тойы ел аумағынан асып, Қарақалпақстанда, Мәскеуде тойланды. Төлегеннің құрдасы, лирика шебері Сабырхан Асанов есімі, өкінішке қарай, елене қоймады. Ал биыл алпыстың асқарына шыққан, жырлары қазіргі жас буынға үлгі Есенғали Раушановтың мерейтойы Астанадан басталып, Маңғыстауда қорытындыланды. Алғашқы рет өткен «Рух» байқауы әдеби өмірде жаңалық болды. Бұл байқаудың «Поэзия: топтама өлеңдер» аталымында Ықылас Ожайұлының аты озып келді. Астанада жастар арасында ұйымдастырылған бірнеше мүшәйрада Рауан Қабидолдин топ жарды. Біз өткен ғасырдың …

Ары қарай оқу

ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Өтіп бара жатқан 2017 жылы жер-жаһанның саяси аспанында жарқ ете түскен жаңғырықты оқиғалар аз болған жоқ. Мезгіл белестері алмасып жатқан қазіргі уақытта солардың арасындағы есте мейлінше ерекше қалған елеулілерін атап өтудің өзіне тән өнегесі бар. Бұл бір жағы өткен жылдың жадымыз­да несімен есте қалғанын пайымдау­ға мұрсат береді. Жыл күнтізбесі АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың қызметке кірісуінен басталды. Осыған арналған инаугурация 25 қаңтарда өтті. Ол 2016 жылғы 8 қараша күні өткен сайлауда 276 таңдаушының дауысына ие болған еді. Бірақ қарсыласы Хиллари Клинтонның жақтастары бұған келісе алмай, елдің 150-ден астам қаласында наразылық …

Ары қарай оқу

«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАҒА» КІМДЕРДІҢ ҚОЛЫ ЖЕТЕДІ?

Қазақтың «бас ауруына» айналған баспана мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп барады. Әсіресе, ауылдан қалаға қарай ағылған жастардың қолы шектеулі шаршы метрлерге де жетпей жүр. Жалақысы жан бағысынан аспайтын жастардың дені артылған аздаған ақшаларын тек жалдамалы пәтерлердің иелеріне ұстатқаннан басқа амалдары жоқ. Халықтың етінен өтіп, сүйегіне жеткен бұл мәселені шешуге ешкім пейіл емес. Баспана мәселесін шешуге бағытталған бағдарламалар бірінен кейін бірі пайда болып жатқанымен, олардың да қара халыққа пайдасы аз болып тұр. Осы қаптаған бағдарламалардың арасынан «менмұндалағаны» мемлекеттік қолдау есебінен 2012 жылы шілде айында жарияланған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы болды. «Қазақстан тұрғын …

Ары қарай оқу

«АСТАНА» – ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КОМАНДАСЫ

Биыл «Астана» футбол клубы үшін сәтті жыл болды. Елорданың командасы қатарынан төртінші рет Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды. «Астана» еурокубоктарда да табысты өнер көрсетті. Алдымен Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнап, Литваның «Жальгирис», Польшаның «Легия» командаларынан өткенімен, плей-оффта Шотландияның «Селтик» клубынан әрі аса алмады. Бірақ осы нәтиженің өзі «Астананың» Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнауына мүмкіндік берді. Бір топта «Маккаби Тель-Авив» (Израиль), «Славия» (Чехия) және «Вильяреал» (Испания) командаларымен кездесіп, 10 ұпаймен 2-орынға жайғасты. Сөйтіп, тарихта тұңғыш рет қазақстандық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ендігі қарсылас – Португалияның «Спортинг» командасы.

Ары қарай оқу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ КАРТАСЫ

Биылғы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел руханиятына тың серпін беріп, ұлтқа қажетті жобаларды қолға алуға мұрындық болды. Соның ішіндегі «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобаны ерекшелеп айтуға болады. Қазақтың ұлан-ғайыр жері тарихқа өте бай. Ондағы әрбір жер-су атаулары өткен дәуірден сыр толғайды. Көне кесенелер мен ескі архитектуралық құрылыстардың бәрі – шежіре. Өкінішке қарай, сол аңыздардың көбі жоғалып барады. Ескі әңгімелерді білетін кәрі құлақ қариялар да азайды. Дәл осындай сәтте жарық көрген Мемлекет басшысының мақаласы бұл бағытқа өріс әкелді. Жұмыс бірден қарқын алды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан …

Ары қарай оқу

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ

Биыл қазақ жұрты еліміздің заманауи келбетін танытатын, жастарға үлгі болатын «100 жаңа есімді» анықтады. Жобаны қолға алу туралы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты осы жылғы сәуірде жарияланған бағдарламалық мақаласында ұсыныс жасаған болатын. Бұл жоба жайында Елбасы «Жас­тар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек» деп айтқан еді. Нәтижесінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200 үміткер сайланып, қалың жұртшылық 100 емес, 102 азаматты лайық тұлға деп таныды. Онлайн дауыс беруге түсіп, еліміздің «жаңа есімі» ретінде таныстырылған азаматтар 1 желтоқсан күні …

Ары қарай оқу

АЗАТТЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН…

Биыл елді елең еткізген оқиғалар көп болды. Соның ішінде бәсі мен бағасы, мазмұны мен маңызы бөлек, айтулы шара – Алаш автономиясының жүз жылдығы. Иә, тура осыдан бір ғасыр бұрын жүрегі ұлтым деп соққан ұлы тұлғалардың мақсаты жүзеге асты. Тарихқа жүгінсек, Алаш автономиясы 1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда жарияланды. Кейін Орынборды большевиктер басып алғаннан соң Семейге көшті. Алашорда үкіметінің төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Автономия бір жарым жылдан аса билік құрса да, оның мемлекеттік негізі бар, құрылым болды. Бүгінгі тәуелсіз еліміз – соның жалғасы. Осы жерде тағы бір айта кететін дүние …

Ары қарай оқу